Astana Hub түлектерге ірі әлемдік компанияларда машықтанып, жұмыс табуға көмектеседі

Гаухар Өмірлі Малайзиядағы Peterson Projects and Solutions компаниясында тағылымдамадан өтіп, Ақжол Медербеков американдық стартапта бизнесті дамыту бойынша менеджер қызметіне жұмысқа орналасты. Жас мамандар Astana Hub компаниясы ұсынған студенттер мен түлектерге мансаптарын тиімді жоспарлауға және кәсіби қызметін сәтті орындауға көмектесетін 2 апталық Beta Career курстарын тамамдады.


Beta Career бағдарламасы Astana Hub-та 2021 жылы іске қосылды. Бағдарламаға кез келген адам қатыса алады. Өткен жылы бағдарламаның 3 легі өтіп, қатысуға 1000 аса сұранымдар Қазақстанның келесі қалаларынан: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Тараз, Павлодар, Шымкент, Атырау, Петропавл, Семей, Көкшетау, Жаңаөзен, Түркістан, Жезқазған , Орал, Ақтөбе, Теміртау келіп түсті.

Айта кету керек, бағдарламаға басқа елдердің тұрғындары да қызығушылық танытуда, өйткені қатысуға Ресей, Грузия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Түркия, Польша, Венгрия, Испания, Жапония және Оңтүстік Кореядан елдерінің азаматтары сұранымдарды жіберді.

Курс қатысушыларына ұтымды CV қалай жасау керектігі, коммуникациялар мен топтық жұмысты қалай құру мен сұхбатқа қалай дайындалу керектігі туралы айтылады, сонымен қатар time management және work-life balance (жұмыс пен өмірдің тепе-теңдігі) туралы ақпарат беріледі.

Курс спикерлерінің арасында Eurasian Resources Group, ITS Partner (Беларусь), Grintern (Ресей), EP Advisory (Англия) сияқты компаниялардың өкілдері бар.

Өтініштер ағымдағы жылдың 3 сәуіріне дейін қабылданады.

Бағдарламаның 1-ағыныны 2022 жылғы 4 сәуірде басталып, 17 сәуірге дейін жалғасады.

Бағдарлама веб-сайтына сілтеме: https://astanahub.com/l/betacareer2022 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін