Astana Hub технопарктің цифрлық нұсқасымен жариялады

Орталық Азияның IT-стартаптарының ірі технопаркі Astana Hub өзінің цифрлық нұсқасын тікелей эфирде жариялады. astanahub.com платформасында бағдарламаларға қатысуға өтінімдерді қабылдаудан бастап, салықтық және визалық преференциялар алатын технопарк резиденттері үшін онлайн есептілікті толтыруға дейінгі барлық ірі және ұсақ процестер автоматтандырылған.


ҚР цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің алғы сөзінде 3 жыл ішінде технопаркте 1000-нан астам технологиялық кәсіпкерлер мен арнайы салық және визалық режимдердің 507 қатысушыларынан тұратын қауымдастық құрылғанын атап өтті. Бүгінгі таңда Astana Hub 12 млн-нан астам пайдаланушыны қамтиды және стартап-индустрияның өзегі және әртүрлі деңгейдегі технологиялық кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер орталығы болып табылады. 

Цифрлық astanahub.com технопаркі  - бұл Қазақстанның IT-саласының барлық қатысушыларының online-құралдары мен коммуникацияларының бірыңғай платформасы. Ол оқушылар, фрилансерлер, стартаперлер, IT-компаниялар, инвесторлар, корпорациялар және мемлекеттік органдары кіретін кең мақсатты аудиторияға есептелген. Олардың әрқайсысы өз мәселелерінің шешімін табады: бірінші тапсырысты алудан бастап инвестицияларды тартуға дейін. Платформаның экожүйесінде-іс-шаралар, қызметтер, жаңалықтар, блог, бос жұмыс орындары, IT-бастамалары бар. Сонымен қатар, кез келген білім беру немесе бизнес бағдарламасына тіркелуге, өтінімді қашықтықтан беруге, ал қатысушыға үйден шықпай-ақ есеп тапсыруға болады.

Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев жұмыстың аралық қорытындылары туралы айтып берді, сондай-ақ отандық стартап мәдениетті дамытудағы жаңашылдықтар: білім беру бағдарламалары, өңірлерді дамыту, резиденттер үшін экспорт мүмкіндіктері туралы айтты. 

Биылғы жылдың күзіне қарай Astana Hub ерте сатыдағы стартаптар үшін олардың келесі деңгейге көтерілуіне көмектесу үшін 5 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі қаржыландыру жүйесін іске қосады. Бағдарламаға қатысушылар сарапшылардың сүйемелдеуіне ие болады, бұл сәтсіздік тәуекелдерін азайтады. Барлық процесс толығымен сандық форматта, оның ішінде есептілікте болады.

Қазіргі таңда Astana Hub нарық сұранысына және үрдістерге бейімделуде, бағыттарды кеңейтуде және жыл сайын технопарктің міндеттері тиісінше өзгеруде. Astana Hub-тың басты мақсаты - технологиялық өнімдердің экспорттық әлеуетін дамыту және осы бағытта 2025 жылға қарай 500$ млн көрсеткішке қол жеткізу. Қазіргі кезде стартаптар 34,5 млрд теңге тартты. Хабқа қатысқан компаниялардың жалпы табысы 98,9 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, технопарк IТ-кәсіпкерлердің сыни массасын қалыптастыру тәсілін өзгертуде. Astana Hub-тың қазіргі стратегиясы әлеуетті аудиторияның адами капиталы мен цифрлық дағдыларын дамыту және осылайша экожүйе негізін қалау бағытында өзгеруде. Мысалы, егер бұған дейін Astana Hub қалыптасқан стартап-жобалар үшін тек екі іскерлік инкубация және акселерация бағдарламасына 500-ге жуық адам қатысқан  болса, қазір технопарк жобалар үшін ғана емес, адамдар үшін, өз алдына “new schools” бірнеше жаңа білім беру бағдарламаларын іске қосты. Мысалы, Beta Career кәсіби дағдыларды дамыту бағдарламасының түлегі Ақжол Медербеков Сан-Францисконың стартап компаниясының business development manager позициясына  қашықтан жұмысқа орналасты. 

Жалпы, 3 жыл ішінде технопаркте 10 000-нан астам адам оқып,           6 138 жұмыс орны ашылды.

Өткен жылдан бастап хаб өзінің білімі мен тәжірибесін Қазақстанның барлық өңірлеріне тарата бастады, енді технопарктің серіктестері Қазақстанның әрбір қаласында бар. Осы жазда Astana Hub АТ-қызметтерінің экспортын дамытуға бағытталған өзінің офисін Алматыда ресми түрде іске қосады. Қазір алматылық команда техникалық режимде жұмыс істейді.

Технопарк жұмысы туралы анықтамалық ақпарат 

Трансляцияның толық жазбасы сілтеме бойынша қолжетімді

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін