31 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында Astana Hub делегациясы Эр-Риядта өткен LEAP 2026 халықаралық технологиялық конференциясына қатысты. Технология индустриясы өкілдеріне арналған ірі халықаралық алаңдардың бірінде Astana Hub Қазақстанның цифрлық экожүйесінің мүмкіндіктерін таныстырса, отандық компаниялар өз әзірлемелерін әлеуетті серіктестер мен инвесторларға ұсынды.
Қазақстандық IT-компаниялар конференцияға Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бірлесіп ұйымдастырған Central Asian Innovation Hubs павильоны аясында қатысты. Экспозиция Орталық Азияның екі елінің технологиялық жобаларын біріктіріп, іскерлік кездесулер, таныстырылымдар мен халықаралық ынтымақтастықты талқылауға арналған алаңға айналды.
Astana Hub стендінде LEAP 2026 қатысушыларына Қазақстанның технологиялық экожүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды. Олардың қатарында Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency бағдарламалары, IT-компанияларға арналған салықтық жеңілдіктер, акселерациялық бастамалар және шетелдік серіктестерге арналған венчурлік құралдар бар.
Конференцияда бес қазақстандық стартап өз шешімдерін таныстырды:
- Taulau — жасанды интеллектіні пайдалана отырып, IT-өнімдер жасауға арналған платформа;
- MediCards — стоматологиялық клиникаларға арналған цифрлық шешім;
- DataMost AI — Сауд Арабиясының дербес деректерді қорғау туралы заңнамасының (PDPL) талаптарына сәйкес комплаенсті қамтамасыз етуге және деректерді қорғауға арналған сервис;
- askAlem — ЖИ-агенттер жүзеге асыратын төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған платформа;
- Heartland — бағдарламалау мен инженерлік жобалауға арналған автономды ЖИ-агенттер.
Қазақстандық Cyberlabs компаниясы жеке стендпен таныстырылды. Компания ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлауға арналған оқу киберполигонын әзірлейді.
31 тамызда павильонға Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков келді. Ол қазақстандық технологиялық компаниялардың әзірлемелерімен және Astana Hub-тың Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығындағы қызметімен танысты.
Іскерлік бағдарламаның қорытындысы ретінде 3 қыркүйекте Astana Hub өкілдері Эр-Риядта Astana Hub пен IT Park Uzbekistan бірлесіп ұйымдастырған Digital Central Asia қосымша іс-шарасына қатысты. Іс-шара қатысушыларына Қазақстан мен Өзбекстанның технологиялық экожүйелерінің Парсы шығанағы елдеріндегі стартаптар, инвесторлар және серіктестер үшін ұсынатын мүмкіндіктері таныстырылды.
LEAP 2026 конференциясына қатысу қазақстандық компанияларға өз әзірлемелерін халықаралық аудиторияға таныстыруға, әлеуетті серіктестермен және инвесторлармен кездесулер өткізуге, сондай-ақ MENA өңірінің технологиялық қауымдастығымен іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.