Astana Hub жасанды интеллект, ғылым және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы таланттарды қолдауға арналған Alem AI Talent Lab бағдарламасына өтінім қабылдауды жалғастыруда. Қатысушыларға магистратурада оқуды қаржыландыру, тәлімгерлік қолдау және зерттеу, сондай-ақ қолданбалы AI-жобаларды дамытуға қажетті ресурстар беріледі. Өтінімді 2026 жылғы 11 қазанға дейін беруге болады.
Бағдарлама магистратураға түсуді жоспарлайтын, ғылыми зерттеулермен айналысқысы келетін, жасанды интеллект негізінде шешімдер жасағысы келетін немесе технологиялық стартап дамытқысы келетін жандарға арналған.
Alem AI Talent Lab аясында QAIRU магистратура бағдарламалары бойынша оқу ақысын Income Share Agreement (ISA) кірісті бөлісу моделі арқылы қайтарылатын қаржыландыру шарттарымен төлеу қарастырылған. Қаржылық қолдаудан бөлек, қатысушылар тәлімгерлермен бірге нақты міндеттер үстінде жұмыс істеуге, қажетті ресурстарды пайдалануға және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.
Бағдарлама қатысушыларды идеядан немесе жобадан бастап тағылымдамадан өтуге, қызмет жолын құруға немесе жеке стартапын іске қосуға дейінгі кезеңде сүйемелдеуге бағытталған. Зерттеу құзыреттерін дамытуға және жасанды интеллектті тәжірибеде қолдануға ерекше назар аударылады.
Өтінімдер 2026 жылғы 11 қазанға дейін қабылданады. Қатысу шарттары туралы толық ақпарат пен өтінім формасы talentlab.alem.ai/apply/master сайтында қолжетімді.
Анықтама ретінде
Alem AI Talent Lab — бұл Astana Hub-тың жасанды интеллект, ғылым және технологиялық кәсіпкерлік саласында таланттарды іздеуге және олардың дамуына инвестиция құюға бағытталған бағдарламасы. Бағдарлама alem.ai және Astana Hub экожүйесіне кіреді және зерттеулер жүргізуге, өз бетінше AI-шешімдер жасауға және технологиялық жобаларды дамытуға қабілетті мамандарды даярлауды көздейді.