Astana Hub ІТ-жобаларды хостингке арналған ең ірі веб-сервис GitHub серіктесі болды

GitHub бастапқы кезеңдегі стартаптарға бастапқы қаржыландырудан unicorn күйіне көшуге көмектесу үшін жетекші инвесторлармен, акселераторлармен және стартап экожүйелерінің көшбасшыларымен жұмыс істейді.


"GitHub – әзірлеушілерге арналған әлеуметтік желі, сонымен қатар open source жобаларға арналған ең үлкен платформа. Көптеген бір-біріне байланысы жоқ бағдарламашыларға жобаларды сақтауға, бөлісуге және дамытуға мүмкіндік береді. Осы серіктестіктің арқасында қазақстандық әзірлеушілер, IT-компаниялар мен стартаптар Enterprise премиум пакетіне тегін жазыла алады", - деп бөлісті Astana Hub корпоративтік инновациялар және цифрлық құзыреттер кеңсесінің директоры Танат Ускембаев.

Spotify-дан Slack-қа дейінгі әлемдегі ең инновациялық компаниялар GitHub платформасындра құрылған. Бүкіл әлем бойынша әзірлеушілерге арналған әлеуметтік желі GitHub стартаптарға тек кодтарды енгізуге ғана емес, сонымен қатар байланысуға, бір-біріне өзгертулер енгізуге, сондай-ақ көрнекті стартаптар жаңалықтарын қадағалауға мүмкіндік береді.

Кең функционалдылық бағдарламашыларға репозиторийлерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл әрекетті орындау үшін GitHub пайдаланушыға ыңғайлы интерфейсті ұсынады, ол әрбір қатысушының үлесін ағаш түрінде көрсетеді.

Серіктестік аясында стартаптар GitHub Enterprise 20 орынды бір жылға тегін және екінші жыл үшін 50% жеңілдік ала алады. Сонымен қатар, стартаптар GitHub сарапшыларына, вебинарларға және үздік тәжірибелерге қол жеткізе алады.

Astana Hub стартаптарға өзара байланысты қауымдастықтың бір бөлігі болу мүмкіндігін береді. GitHub Enterprise туралы қысқаша шолу үшін кіріспе сессиясы жоспарланған, оның күні мен уақыты кейінірек хабарланады.

Стартаптар Astana Hub серіктестерінің ресурстарына тегін қол жеткізуге өтініш бере алады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін