Жасанды интеллект саласында стартап құруға арналған «AI’preneurs» реалити-шоуының екінші маусымының алғашқы бөлімі Astana Hub-тың YouTube-арнасында жарық көрді. Жаңа маусымда қатысушылардың қалай топқа бірігетіні және үш ай ішінде қарапайым идеядан бастап өз өнімін шығарғанға дейінгі басып өтетін жолы баяндалады.
«AI’preneurs» — Astana Hub-тың 2024 жылы бастау алған флагмандық акселерациялық бағдарламасы. Бұл — жасанды интеллект саласында стартаптар құруға арнайы бағытталған Қазақстандағы ең алғашқы алаң. Бағдарлама машиналық оқыту мен бағдарламалық инженериядан бастап, маркетинг пен өнім менеджментіне дейінгі түрлі сала мамандарының басын біріктіреді.
Үш ай ішінде қатысушылар топқа бірігіп, әлеуеті жоғары идеяларды анықтайды және гипотезаларын тексереді. Одан кейін өз өнімдерін әзірлеп, оны нарыққа шығаруға толықтай дайындайды. Бағдарлама аясында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер технологиялық жобаларын жүзеге асырып, одан әрі дамытуға қажетті білім мен практикалық тәжірибе жинайды.
Халықаралық alem.ai жасанды интеллект орталығында өткен «AI’preneurs» бағдарламасының бірінші лек түлектері екінші маусымның басты кейіпкерлеріне айналды. Реалити-шоу арқылы көрермендер AI-стартаптарды құрудың ішкі барысын бақылай алады. Мұнда тең серіктестер іздеу мен рөлдерді бөлісуден бастап, өніммен жұмыс істеу, бастапқы концепцияларды өзгерту және командалық маңызды шешімдер қабылдауға дейінгі бүкіл процесс қамтылған.
Бірінші серияда қатысушылар бір-бірімен танысып, кәсіби біліктілігі мен идеяларын таныстырады, сонымен қатар алдағы жобаға серіктес іздеуге кіріседі. Бұл кезеңде олардың алдында команда құру және бағдарлама аясында жүзеге асыратын жобаларының бағытын анықтау міндеті тұр.
Алдағы бөлімдерде көрермендер стартаптардың даму кезеңдерін, сарапшылар және тәлімгерлермен бірлескен жұмысты, бизнес-болжамдарды тексеру, өнімнің бастапқы нұсқаларын жасап шығару және оларды таныстыруға дайындық барысын тамашалай алады.
«AI’preneurs» реалити-шоуының екінші маусымының алғашқы бөлімін Astana Hub YouTube-арнасынан тамашалай аласыздар.