Beta Career - жаңа платформада!

21 ғасырда аялық білім жеткіліксіз екені жасырын емес, ал жаңашылдықтар бізден жаңа дағдыларды талап етеді. Сенің достарың zoom арқылы дәрістер тыңдап жатқан кезде, біз саған Astana Hub-тағы жаңа платформадағы Learning management system оқуды ұсынамыз.


LMS-платформасы - қашықтықтан оқыту жүйесі. Бұл жерде әртүрлі бағыттағы курстар оқуға, интерактивті жаттығулар жасауға, тесттерден және прогресс трекингтерінен өтуге мүмкіндік бар. Біз ойын форматын, материалдардың қол жетімділігін және әртүрлі сұрақтарды біріктірдік. Ал курс аяқталғаннан кейін сертификат алып, осының бәрін үйден шықпай-ақ жүзеге асыруға болады!

Еске сала кетсек, осы жылдың 13 қыркүйегінде LMS-платформасында Astana Hub ұсынған Beta Career Program 3 ағыны басталады. Егер сіз әлі бұл жайлы білмесеңіз, әрі қарай оқыңыз:

Beta Career —Astana Hub базасындағы 10 күндік қарқынды марафон, бұл жерде мансаптық консалтинг пен кәсіби бағдардағы сарапшылар қатысушыларды үздік компанияларғдың сұхбатынан сәтті өтуге дайындайды. Бағдарламаға колледж және ЖОО түлегі, жұмыс істейтін маман, тіпті тиімді сұхбаттасу деңгейін көтергісі келетін басшы,яғни кез-келген адам қатыса алады.

Марафонға қатысушылар төменде көрсетілгендерді үйренеді:

  • жұмыс берушіні баурап алатындай сауатты түйіндеме мен ілеспе хат құрауды;
  • дұрыс іскерлік қарым-қатынас құру;
  • бас тарту бойынша жұмыс жасау: әлсіз жақтарыңызды дамытып, мықты дағдыларыңызбен әрі қарай жұмыс жасау;
  • лайықты бос жұмыс орындарын табу және таңдалған орындарға дұрыс қызмет көрсету;
  • сұхбатқа тиімді дайындалу: барлық кезеңдердегі кеңестер мен әдістерді    ескеру;
  • ішкі шектеулер мен шеңберлерді жеңу, бәсекелестіктен, белгісіздіктен, сәтсіздіктерден және тағылымдамадағы қиындықтардан қорқуды тоқтату;
  • тайм-менеджментті құру.

Қызық па? Тезірек сілтеме бойынша тіркеліп, Astana Hub жаңа платформасының алғашқы пайдаланушысы болыңыз!

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

ссылка не активна

Жауап беру