Біз B2B сатылым мен кәсіпкерлік саласындағы он жылдық тәжірибесінен кейін өз мансабын жасанды интеллектпен байланыстыруға бел буған Tech Orda бағдарламасының түлегі Андреймен сұхбаттастық. Өз сөзінде ол бағдарламаның өнімді басқару саласына ауысуына, тұтынушыларды қолдау қызметін автоматтандыруға және AI-агенттер мен үлкен тілдік модельдер негізінде жаңа шешімдер әзірлеуді бастауына қалай септігін тигізгенімен бөлісті.
Андрей, өзіңіз туралы қысқаша айтып берсеңіз: Tech Orda-ға қатысқанға дейін немен айналыстыңыз?
— Бағдарламаға қатысқанға дейін негізгі кәсіби тәжірибем B2B сатылым мен кәсіпкерлікпен байланысты болды — бұл салада он жылдай еңбек еттім. Корпоративтік клиенттермен жұмыс істеп, жеке жобаларымды іске қостым, сәйкесінше, бизнес-процестердің іштей қалай жұмыс істейтінін өте жақсы түсінетінмін.
Уақыт өте келе технологияларға, әсіресе жасанды интеллектке деген қызығушылығым арта түсті. Бір сәтте AI-құралдарды жай ғана пайдаланып қоймай, олардың негізіндегі өнімдерді жасауға өзім де атсалысқым келетінін түсіндім.
IT саласына бет бұрып, Tech Orda-ға қатысуға не түрткі болды?
— Мені осыған дейін жинаған бизнес-тәжірибемді технологиялармен ұштастыру мүмкіндігі қызықтырды. Жасанды интеллект қарыштап дами бастаған тұс еді, әрі оның сатылым мен клиенттерді қолдау қызметінен бастап, маркетинг, аналитика және ақпаратпен жұмыс істеуге дейінгі көптеген дағдылы процестерді өзгерте алатыны сол кездің өзінде-ақ айқын көрінді.
Осы саланы тереңірек түсініп, мұндай шешімдерді өз бетімше қалай жасауға болатынын ұғынғым келді. Ал Tech Orda мен үшін IT саласына жүйелі түрде қадам басып, кәсіби тұрғыда одан әрі дамуыма жетіспей тұрған білімді алуға үлкен мүмкіндік болды.
Оқу барысы қалай өтті, өзіңіз үшін ең құндысы не болды?
— Ең құндысы сол, бағдарлама технологиялар туралы жалпы түсінік беріп қана қоймай, өнімдік тәсілді ұғынуға үйретті. Яғни, біз қандай мәселені шешіп жатырмыз, өнім шын мәнінде кімге қажет, гипотезаны қалай тексеріп, алынған нәтижені қалай бағалау керек деген маңызды дүниелерді түсіндік.
Оқу барысында біз идеядан бастап AI/ML-шешімді жобалауға дейінгі толық жолдан өтіп, практикалық тапсырмаларды орындадық. Бұл маған шашыраңқы білімімді бір жүйеге келтіріп, бизнес, өнім, деректер мен технологиялардың өзара қалай байланысатынын тереңірек түсінуге көмектесті.
Қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз және олардан қалай шыға білдіңіз?
— Ең үлкен қиындық оның техникалық бөлігі болды десем қателеспеймін. Сатылым мен кәсіпкерлікте көп жыл еңбек еткеннен кейін, техникалық дүниелердің көбі алғашында мүлдем бөлек әлемдей сезіледі екен. Сөйтіп, маған деректермен жұмыс істеудің қыр-сырын, модельдер мен шешімдер архитектурасын, сондай-ақ әзірлеу барысын тереңірек ұғыну қажет болды.
Мен құр оқу бағдарламасымен шектеліп қалмауға тырыстым: жаңа құралдарды өз бетімше үйрендім, шағын жобалар жасап, жасанды интеллект мүмкіндіктерін сынап көрдім. Осы кедергіні еңсеріп, жаңа салада өзімді сенімдірек сезіну үшін практика ең тиімді жол екеніне көзім жетті.
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қол жеткізген ең басты нәтижеңіз қандай болды?
Ең басты нәтиже — мен іс жүзінде өзімнің кәсіби бағытымды өзгерттім. Оқуға келмес бұрын жасанды интеллект мен үшін тек үлкен қызығушылық тудыратын сала ғана еді. Ал бағдарламадан кейін AI-жобада продакт-менеджер болып жұмысқа кірісіп, нақты өнімдермен және міндеттермен айналыса бастадым.
Осылайша, Tech Orda маған «жасанды интеллектке қызығамын» деген деңгейден AI-мен толыққанды кәсіби түрде жұмыс істеуге көшуіме септігін тигізді.
Алған біліміңізді қазір қалай қолданып жүрсіз?
— Бүгінде мен жасанды интеллекттің көмегімен тұтынушыларды қолдау қызметін автоматтандыру бағытында жұмыс істеп жатырмын. Нақтырақ айтсам, AI-агенттерді жобалаумен, үлкен тілдік модельдерді қолдана отырып білім базасынан ақпарат іздеу шешімдерін әзірлеумен, корпоративтік деректер мен ақпаратты құрылымдаумен айналысамын. Сондай-ақ, AI мен пайдаланушы арасындағы байланыс логикасын құрып, осындай шешімдерді бизнес-процестерге енгізу жолдарын қарастырамын.
Осымен қатар, өнімнің техникалық жағын тереңірек түсіну үшін жеке жобаларымды дамытып, AI-агенттермен және автоматтандырумен түрлі тәжірибелер жасап, әзірлеу бағытын одан әрі оқып-үйреніп жатырмын.
Мені, әсіресе, жасанды интеллекттің құр сұрақтарға жауап беріп немесе контент жасап қана қоймай, жұмыстың бір бөлігін іс жүзінде атқарып, бизнеске нақты пайда әкелетін міндеттері қатты қызықтырады.
Tech Orda бағдарламасының болашақ қатысушыларына қандай кеңес берер едіңіз?
— Мен өз бетіңізше бірдеңе жасап бастау үшін оқудың аяқталуын күтіп отырмауға кеңес берер едім. Оқи жүріп, онымен қатар шағын сервис, автоматтандыру жүйесін, бот немесе AI-агент сияқты нақты бір мәселені шешетін кез келген жобаны әзірлей беріңіз. Өйткені сізге қандай білімнің жетіспей тұрғаны және әрі қарай қай бағытта даму керектігі дәл осы практика жүзінде өте тез әрі анық байқалады.
Оған қоса, осыған дейін жинаған кәсіби тәжірибеңізді ескерусіз қалдырмаған жөн. IT саласына ауысу — мансапты міндетті түрде нөлден бастау керек деген сөз емес. Бизнес, сатылым, маркетинг, қаржы немесе басқа да кез келген саладағы біліміңізді жаңа технологиялық дағдылармен ұштастыра алсаңыз, ол сіз үшін үлкен басымдыққа айналуы әбден мүмкін.
Егер сіз де сұранысқа ие IT-мамандықты меңгеріп, Tech Orda бағдарламасы аясында білім алғыңыз келсе, Astana Hub сайтында қолжетімді бағыттармен танысып, 2026 жылдың 7 қыркүйегіне дейін өтінім бере аласыз.