Стартап алаңға жас компаниялар өз идеяларын мыңдаған қатысушыға, соның ішінде инвесторларға, сарапшыларға және бизнес өкілдеріне таныстыруға мүмкіндік алады. Көрмеде таныстырылған жобалар қатарында Astana Hub қатысушылары бар. Олар EdTech, MedTech, киберқауіпсіздік, өнеркәсіптік технологиялар, цифрлық медиа және бизнес-процестерді автоматтандыру бағыттарында шешімдер әзірлейді.
«Digital Qazaqstan – елдегі технологиялық және стартап экожүйесін дамытуға арналған маңызды алаң. Ол мемлекет, ірі компаниялар мен технологиялық ұйымдарды жасанды интеллектке негізделген ауқымды трансформация міндеттері төңірегінде біріктіреді. Форум алаңында біз сөйлеу ерекшеліктері мен өңірлік тілдік контексттерді ескере отырып әзірленген, түркі тілдеріне арналған ең ірі ASR моделін таныстыруды жоспарлап отырмыз. Astana Hub-пен стратегиялық әріптестік аясында дамып жатқан бұл технология қазірдің өзінде компанияларға мемлекеттік тілде клиенттермен сапалы әрі тиімді байланыс орнатуға мүмкіндік беріп отыр», – деді Cybernet AI стартапының Орталық Азия өңірі бойынша басқарушы серіктесі Данияр Омурзаков.

Cybernet AI жобасы – ірі компанияларға, соның ішінде банк, финтех және телеком салаларына арналған, клиенттермен байланыс үдерістерін автоматтандыратын және дауыстық AI-агенттерді жасауға мүмкіндік беретін қауіпсіз платформа. Бұл шешімдер кіріс және шығыс қоңырауларды өңдеп, клиентпен толыққанды диалог жүргізуге және бір ғана байланыс аясында сату, қолдау көрсету немесе берешекті өндіріп алу сияқты міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Платформаның негізінде түркі тілдеріне және нақты коммуникациялық жағдайларға бейімделген сөйлеуді тану технологиясы жатыр. Қазіргі таңда Cybernet AI әртүрлі елдердегі 80-нен астам компаниямен жұмыс істейді, ал стартаптың 2025 жылғы табысы 5 миллион АҚШ долларынан асты.
Форум аясында бұдан өзге де бірқатар болашағы зор жобалар таныстырылуда. AgrioPro – фермерлерге арналған су үнемдейтін ақылды суару технологиясын ұсынады, Cortex AI – донорлық органдарды іріктеуге арналған CDSS жүйесін әзірлеуде, Best Vision Technologies өнеркәсіптік қауіпсіздік пен тәуекелдерді анықтауға арналған AI-экожүйе қалыптастыруда. GEON стримерлерді, көрермендерді және брендтерді біріктіретін жаңа буын мобильді стриминг платформасын дамытып келеді. Ал EduTest білім сапасын арттыру үшін психометрия мен деректер талдауына негізделген заманауи бағалау құралдарын енгізуде.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 форумы өтіп жатыр. Биылғы тақырып – «Industry 5.0: Ынтымақтастық қуаты». Форумды Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырды.
Биыл форумды ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауының нәтижесінде мүмкін болды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды.
Форумның бас серіктесі Freedom Bank – жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін қазақстандық цифрлық банк, Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Банк Қазақстанда алғаш болып ипотека, автонесие және бизнес несиелерін толық цифрландырды, сондай-ақ елдегі алғашқы INVEST CARD инвестор картасын ұсынды.
Платиналық серіктес Alageum Electric – электр энергетикасы, машина жасау және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында жұмыс істейтін, 30-дан астам кәсіпорынды біріктіретін ірі электротехникалық компаниялар тобы.
Алтын серіктес – Қазақтелеком.
Инновациялық серіктестер – WSE, Damumed.
Серіктес – Visa.