2026 жылы Startup Garage-ға қатысуға 317 өтінім келіп түсті. Оның ішінен 151 стартап іріктелсе, 88 жоба бағдарламаны сәтті аяқтады. Қарқынды дамып келе жатқан 16 команда Demo Day аясында өз жобаларын инвесторлар мен сарапшыларға таныстырды.
Startup Garage – идея кезеңінен алғашқы сатылымға дейін жетіп, жобаларын ауқымдауға дайындалатын командаларға арналған Astana Hub инкубациялық бағдарламасы. Үш ай бойы қатысушылар гипотезаларын тестілеп, мақсатты аудиториясын анықтап, бизнес-модельдерін қалыптастырды. Сондай-ақ трекерлер мен салалық сарапшылардың сүйемелдеуіне ие болды. Бағдарлама аясында воркшоптар, жеке кеңестер және IT-нарық көшбасшыларының дәрістері ұйымдастырылды.
«Startup Garage жас командаларға стартап құрудың толық жолын өтуге көмектеседі. Осы лекте қатысушылар 68 млн теңгеден астам сомаға сатылым жасады. Халықаралық нарықтарға шығып, экспорттық сатылымдарды бастады. Бүгінде стартаптар компаниялармен пилоттық жобаларды іске асырып, шетелдік клиенттермен жұмыс істеп, инвестиция тартып, өз шешімдеріне сұраныс бар екенін дәлелдеп отыр. Командалардың басым бөлігі MVP кезеңіндегі өнімдерін дамытты. Оның ішінде 58 стартап келесі даму кезеңіне өтсе, 19 жоба product-market fit деңгейіне жетті», – деді Astana Hub бизнес-бағдарламалар офисінің директоры Әшімбек Әбілғазинов.
Бағдарламадағы ең жарқын жобалардың бірі – емханаларға арналған AI-агент ұсынатын Voiceclinic.ai стартапы болды. Жоба науқастарды қабылдауға жазып, кіріс өтініштерді өңдеу және call-орталықтардың жұмысын автоматтандырады. Бағдарлама барысында команда шешімді Қазақстандағы екі ірі медициналық желіге кіріктіріп, пилот санын төртке дейін жеткізді. Оның бірқатары бүгінде ақылы пайдалануға көшті. Сонымен қатар жоба Draper University серіктестігімен жүзеге асырылатын халықаралық Hero Training акселерациялық бағдарламасына өтті.
Wanted AI стартапы гипотезаларды тестілеу және өнімді дамыту мақсатында 21,2 млн теңге инвестиция тартты. Жоба курстарды, AI-құралдарды, менторларды және жеке жазбаларды біріктіретін жеке AI-ортаны дамытуға бағытталған. Платформа пайдаланушының қазіргі деңгейі мен мақсатын анықтап, жеке оқу траекториясын құрады және прогресті кезең-кезеңімен сүйемелдеп, жүйесіз оқуды ұзақмерзімді әрі жүйелі дамуға айналдырады.
Бірқатар стартап пилоттық енгізу және ауқымдану кезеңіне кірісті. Атап айтқанда, OpenSchool AI платформасын Ұлытау облысындағы 52 мектепте іске қосуды жоспарлап отыр. FTT Adapt-AI пилоттық жобаларды жүзеге асырып, SMILE HR HR-қауымдастығымен серіктестік келісімдерге қол қойды. Ал QCM бірнеше компаниямен, соның ішінде қытайлық серіктестермен пилоттық келісімдер жасап, онбординг процесін тестілеп жатыр.
Бағдарлама соңында Demo Day өтіп, 16 стартап өз жобаларын инвесторлар мен нарық сарапшыларына таныстырды. Қатысушылар қатарында сатылым көлемі 10 млн теңгеден асқан бизнесті автоматтандыруға арналған aitomaton AI-платформасы, зертханалар мен клиникаларға арналған EpiQ AI ERP-платформасы, жалға беру процесін басқаруға арналған UNIRENT SaaS-сервисі, әзірлеушілерді Big Tech компанияларына даярлауға бағытталған JumbaQ EdTech-жобасы, сондай-ақ MedTech, LegalTech, бизнес-аналитика, e-commerce және AI-сервистер бағытындағы стартаптар болды.
2023 жылы іске қосылған сәттен бастап Startup Garage бағдарламасы Astana Hub-тың ерте кезеңдегі стартаптарды қолдауға арналған негізгі алаңдарының біріне айналды. Қатысушылар сарапшылар қолдауына, салалық қауымдастыққа және жобаларды нарыққа шығару мен әрі қарай ауқымдауға арналған құралдарға қол жеткізеді.