Central Asia Innovation Hubs: Аймақтық әлеуетті дамытудың жаңа мүмкіндіктері
Орталық Азияның ең ірі технопарктері IT Park Uzbekistan мен Astana Hub аймақтық стартап-экожүйесін дамыту, инновациялық әлеуетті әлемдік аренада ілгерілету үшін Central Asia Innovation Hubs ортақ бренді арқылы күш біріктірді.

ICT WEEK UZBEKISTAN 2024 аясында IT Park Uzbekistan бас директоры Фарход Ибрагимов пен Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев осы мақсатта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Серіктестік мақсаты – аймақтық ортақ бірегейлікті қалыптастыру, стартап-экожүйесі мен венчурлық қорларды дамыту саласында тәжірибе алмасу. Сондай-ақ Орталық Азияның болашағы зор жобаларын халықаралық алаңда ілгерілетуге бағытталған бірқатар бірлескен бастамаларды жүзеге асыру.
Осы жылдың соңына дейін Қазақстан мен Өзбекстан технопарктері ортақ бастама шеңберінде ауқымды халықаралық іс-шараларға қатысады. Атап айтқанда, InMerge (Баку), TechCrunch (Сан-Франциско) және WebSummit (Лиссабон) бар. InMerge іс-шарасында халықаралық инвесторлар мен қорлардың назарына аймақтың 4, TechCrunch-те 20, ал WebSummit-те 16 стартабы ұсынылады.
Сонымен қатар аймақтық стартаптардың Hero Training Program (Draper University), Stanford HealthTech Accelerator және Alchemist Accelerator бағдарламаларына қатысуы қамтамасыз етілмек.
Серіктестік екі елдің және жалпы аймақтың стартап-экожүйелеріне серпін беріп, Орталық Азияның инвестициялық әлеуетін күшейтпек. Central Asia Innovation Hubs-ты құру арқылы аймақ стартаптарының әлемдік деңгейдегі танымалдылығы артып, құрылтайшыларға өз жобаларын жаһандық алаңда сала көшбасшыларына ұсынуға жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Пікірлер 9
Кіру пікір қалдыру үшін
Наталья Агишева · Қаз. 4, 2024 10:19
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Наталья Агишева · Қаз. 4, 2024 10:19
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 4, 2024 09:53
Наслышана об IT Park Uzbekistan, слежу за ними в Instagram. В общем, крутое партнерство 🔥
Бехрузбек Тохтамишов · Қыр. 26, 2024 15:46
🔥🔥
Alizhan Nurgazy · Қыр. 24, 2024 07:39
Круто👍
Ans s · Қыр. 23, 2024 23:53
🔥🔥
Alexandr Timofeyev · Қыр. 19, 2024 18:21
Отличный шаг в развитии IT 🔥🔥🔥
Lain Iwakura · Қыр. 19, 2024 17:59
👍🔥
Наталья Агишева · Қыр. 18, 2024 17:41
;)