Жыл бойы Central Asian Innovation Hubs Қазақстан мен Өзбекстанның технологиялық стартаптарын Бакудегі INMerge Innovation Summit, Сан-Францискода өткен TechCrunch Disrupt, Лиссабондағы Web Summit, Берлиндегі GITEX Europe, Сингапурдағы Singapore FinTech Festival, Ыстанбұлдағы Eurasian Technology Week, Лондондағы London Tech Week, сондай-ақ Берлиндегі GITEX Germany және Дубайдағы GITEX Global аясындағы Expand North Star, сондай-ақ Кремний алқабында ұйымдастырылған Central Asia at Silicon Valley конференциясы сияқты ірі халықаралық алаңдарда таныстырды.
«IT Park Uzbekistan-мен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Central Asian Innovation Hubs брендімен өткен алғашқы жылда Қазақстан мен Өзбекстанның инновациялық экожүйелерінің әлеуетін біріктіріп, Орталық Азия стартаптарының жаһандық нарыққа шығуына арналған бірыңғай платформа қалыптастырдық. Осы ортақ брендтің арқасында 90-нан астам стартап АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс елдері мен Түркиядағы халықаралық бағдарламаларға, инвесторларға және серіктестерге тікелей қол жеткізді. Бүгінде Central Asian Innovation Hubs әлемдік технологиялық кеңістікте өңіріміздің танымал өкіліне айналды. Алдағы уақытта да Орталық Азия стартаптарын жаһандық аренада таныту бойынша платформаның рөлін жүйелі түрде күшейтетін боламыз», – деді Astana Hub бас директоры Магжан Мадиев.
Бастама аясында ұсынылған стартаптар AI, FinTech, HealthTech, IoT, GovTech және климаттық технологиялар салаларында жұмыс істейді. Олардың қатарында қазақстандық BeyimTech AI, Pwron.ai, ZebraEye, ProsperPay, Beksar, Hired Valley, Foqus, ESG Track және өзбекстандық IMAN Global, Uzum, Billz, Sharh, Unitlab AI, Finco, Eskiz және басқа да командалар бар. Бұл стартаптардың қатысуы өңірдің технологиялық әлеуетінің өсіп келе жатқанын және жаһандық экожүйелердің Орталық Азияға деген қызығушылығы артып отырғанын дәлелдейді.
«Бір жылдың ішінде Central Asian Innovation Hubs жай бастамадан біздің технологиялық өңірімізді жаһандандыратын нақты механизмге айналды. Бүгінде Өзбекстан мен Қазақстанның 100-ден астам стартапы TechCrunch Disrupt, Web Summit, GITEX, London Tech Week сияқты алаңдарға шығып, Орталық Азияны бірыңғай технологиялық өңір ретінде танытып келеді. Бастама аясында ұсынылған өзбекстандық стартаптар 82 млн доллардан астам инвестиция тартты, бұл жаһандық инвесторлардың нарығымызға деген сенімінің өсіп жатқанын көрсетеді. 2025 жылы өңір стартаптары Таяу Шығыстан АҚШ-қа дейінгі нарықтарға шығып, Draper University, AlchemistX, Silicon Valley Residency, Digital Scale Up Dubai және басқа да бағдарламаларға қатысты. Келесі қадам – осы нәтижені дамыту: серіктестіктер желісін ұлғайту, экспортты қолдауды күшейту және жаһандық жетекші технологиялық экожүйелермен бәсекелесе алатын стартаптар легін қалыптастыру. Орталық Азия енді сырттай бақылаушы емес — ол жаһандық инновациялық нарықтың толыққанды ойыншысына айналуда», — деді IT Park Uzbekistan бас директоры Абдулахад Кучкаров.
Жаһандық форумдарға қатысудан бөлек, серіктестіктің маңызды бағыттарының бірі стартаптарды халықаралық нарыққа шығару үшін практикалық құралдарды іске қосу болды. Өткен жылы өңірдің 29 командасы Draper University-дің Hero Training бағдарламасы, Silkroad Innovation Hub-пен бірлесе іске қосылған AlchemistX және Silicon Valley Residency секілді халықаралық білім беру және акселерациялық бағдарламалардан өтті. Бұл бастамалар Кремний алқабының менторлары, халықаралық корпорациялар және инвесторлармен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, АҚШ нарығына және басқа да дамыған технологиялық нарықтарға шығуға тұрақты жол ашты.
Алдағы жылы Central Asian Innovation Hubs халықаралық қатысуды кеңейтіп, жаһандану бағдарламаларының санын көбейтуді жалғастырады. Оның ішінде GITEX, Web Summit, TechCrunch Disrupt, Singapore FinTech Summit сияқты әлемдік іс-шараларға қатысу және жаңа халықаралық акселерациялық бастамаларды іске қосу жоспарда бар.
Еске салайық, Central Asian Innovation Hubs бренді 2030 жылға қарай 8-ден астам технологиялық «юникорн» қалыптастыруға және Қазақстан мен Өзбекстан IT-экспортының жиынтық көлемін 10 млрд долларға дейін жеткізуге мақсат қойып отыр.
Толық ақпарат ресми сайтта: https://centralasia.tech/en