ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Astana Hub-пен танысты

Astana Hub халықаралық технопаркі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің, сондай-ақ Қаржы және бюджет комитетінің мүшелерінен құралған делегацияны қабылдады.


Сапар барысында Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев қонақтарға экскурсия жасап, технопарктің қызметі мен хаб қатысушыларының инновациялық жобаларын таныстырды.

Депутаттар геймификация арқылы бағдарламалауды үйрететін CodiPlay жобасы, балалар ойын-сауық орталықтарына баруға арналған бірыңғай жазылым қызметі Yaya, медициналық ақпараттық жүйе Damumed және жасанды интеллект арқылы наноденелерді жасайтын Arlan Biotech стартаптарымен танысты.

Делегаттар сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған заманауи білім беру жүйесін ұсынатын Tomorrow School мектебінің қызметіне ерекше назар аударды. Бұл Astana Hub-тың Қазақстанда жаңа технологияларды қалыптастыру мен дамыту алаңы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді.

Бүгінгі таңда Astana Hub Орталық Азиядағы ең ірі технопарк болып табылады, оның қызметі ІТ-бизнес үшін экожүйе құруға және дамытуға, ІТ-мамандарын дайындап, стартап-жобаларды қолдауға бағытталған. Бүгінгі таңда технопаркте 1500-ден астам IT-компания тіркелген, оның ішінде 400-ден астамы шетелдіктер. Олар бизнесті дамыту және масштабтау бағдарламаларын, арнайы салықтық және визалық шарттарды, ақпараттық-білім беруді және материалдық инфрақұрылымды қоса алғанда, жан-жақты қолдау алады.

Пікірлер 11

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

👍👍👍

Жауап беру

Интересно какова цель посещения?

Жауап беру

IT наша новая нефть вот и смотрят народные избранники наш большой актив...

Жауап беру

Супер

Жауап беру