Digital Bridge Awards 2023: Жеңімпаздар жарияланды!
Digital Bridge 2023 IT-форумы аясында Орталық Азиядағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы елеулі жетістіктері үшін жыл сайынғы Digital Bridge Awards 2023 марапаттау рәсімі өтті.
Digital Bridge Awards марапатына қатысуға Қазақстан, Пәкістан, Сингапур, Моңғолия, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және АҚШ-тан 337 өтінім келіп түсті.
Биыл цифрландыру саласының үздіктері жеті аталым бойынша анықталды.
Digital Bridge Awards 2023 жеңімпаздарына марапатты ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов табыс етті. Үздік атанғандар:
Export Excellence номинациясында – IT тауарлар мен IT қызметтерін экспорттаудағы керемет жетістіктері үшін EPAM Kazakhstan. Компания соңғы 12 айда экспорт көлемі мен серіктес елдер саны бойынша тамаша нәтиже көрсетті.
Tech for Good номинациясында - Ozim Platform технологияны қоғам игілігіне пайдалануға арналған Ozim платформасы. Олардың инновациялық тәсілдері адамдардың өмірін жақсартуға және экологиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Tech Educational Leader номинациясында - білім саласындағы батыл және шығармашылық бастамалары үшін Alem.school. Мектеп инновациялық әдістерді қолдануда тамаша жетістіктер көрсетті.
Tech Media of the Year номинациясында - медиа құралдарын тиімді пайдалану және аудиториямен өзара әрекеттесудің жаңа арналарын ашқаны үшін Limon.KG .
Employer of Choice номинациясында - ынталандырушы жұмыс ортасын құру және қызметкерлердің кәсіби және жеке өсуін қолдау, сондай-ақ персоналды дамытудағы жоғары стандарттар үшін Kolesa group.
VC of the Year номинациясында - инновациялық стартап-жобаларды анықтау және қолдау көрсеткені үшін Big Sky Capital.
AI Startup of the Year номинациясында - соңғы 12 айда қол жеткізген жоғары нәтиже, соның ішінде пайдаланушылар базасының өсуі, нарық үлесі және кірісі үшін Zypl.ai.
Digital Bridge Awards - Қазақстан Республикасында құрылған цифрландыру саласындағы жыл сайынғы беделді марапат. Бұл марапат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және цифрлық трансформация саласындағы тамаша жетістіктер мен инновацияларды атап өтуге арналған. Digital Bridge Awards марапаттау Қазақстанда цифрлық индустрияның дамуына елеулі ықпал ететін компанияларды, стартаптарды, ұйымдарды және жеке тұлғаларды тану және көтермелеу тәсілдерінің бірі болып табылады.
Еске салайық, 12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі IT-форум - Digital Bridge 2023 өтіп жатыр. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.
Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтиды: ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, шетелдік спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards марапаттау рәсімі, стартаптар Аллеясы, Astana Hub Battle ірі стартаптар додасы, сонымен қатар корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC Zone, аймақтық IT-хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі. Бас демеуші - Kaspi.kz.
Пікірлер 7
Кіру пікір қалдыру үшін
Kirill Grebennikov · Қаз. 15, 2023 15:27
Молодцы !!!
Нұрболат Елеш · Қаз. 14, 2023 22:23
Продолжайте вдохновлять и делать выдающиеся вещи!
Мария Бакирова · Қаз. 13, 2023 14:24
Поздравляю Победителей!!
Семён Чистяков · Қаз. 13, 2023 11:11
Очень круто, поздравляю! Просто класс!
Shyngys True · Қаз. 13, 2023 00:26
Поздравляю победителей Digital Bridge Awards 2023! EPAM Казахстан, Ozim Platform, Alem.school, Limon.KG, Kolesa group, Big Sky Capital и Zypl.ai — заслуженные лидеры в цифровой трансформации.
Ерасыл Ерғалиұлы · Қаз. 12, 2023 22:39
Супер
Yerdos Zhussupov · Қаз. 12, 2023 22:38
Грандиозное мероприятие. Был пока в первом дне, о ней можно уже судить о хорошей организации. Радует, что отечественная IT индустрия развивается такими темпами. Также, не может не радовать, что молодежь занята интересными стартапами.