Бұл сыйлық жетекші технологиялық компанияларды, стартаптарды, мемлекеттік бастамаларды және өңірлік жобаларды бір алаңға тоғыстырып, олардың елдің цифрлық трансформациясына қосқан елеулі үлесін айқындады.
Биыл байқауға 345 өтінім қабылданып, оның ішінен Қазақстанның түкпір-түкпірінен ұсынылған 162 жоба финалға өтті. Жеңімпаздар бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесінде анықталды: жобалар жасанды интеллект көмегімен сараланып, кейін сарапшылар алқасының шешімімен бекітілді. Жеңімпаз жобалар:
Best AI Government Services номинациясы бойынша – мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мен бақылауға арналған Alaqan цифрлық платформасы. Сыйлықты Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев табыстады.
Best Industrial AI Project – өндірістік қауіпсіздік пен операциялық үдерістерді басқаруға арналған Fractal платформасын ұсынған Aspans жобасы. Марапатты «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин тапсырды.
Regional AI Transformation – өңірлерде бизнес пен білім беру саласына жасанды интеллект енгізу экожүйесін дамытқан Ikigai Promotion жобасы. Сыйлықты «Alageum Electric» КТ директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов табыстады.
AI for Social Impact – балалардың психоэмоционалдық жағдайын бақылауға арналған «HR+» жүйесін жасаған Codo жобасы. Марапатты ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова тапсырды.
Best AI Startup – агрессивті мінез-құлық белгілерін анықтайтын бейнеаналитика жүйесін әзірлеген Protector AI стартапы. Сыйлықты Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов табыстады.
Digital Qazaqstan Awards сыйлығына қатысу – жобаңызды кең сарапшылық аудиторияға таныстыру және Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша күн тәртібінің бір бөлігіне айналу мүмкіндігін ұсынады.
Еске сала кетсек, 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 форумы өтіп жатыр. Биылғы тақырып – «Industry 5.0: Ынтымақтастық қуаты». Форумды Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Шымкент қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырды.
Биыл форумды ұйымдастыру серіктестер мен демеушілердің қолдауының нәтижесінде мүмкін болды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды.
Форумның бас серіктесі Freedom Bank – жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсететін қазақстандық цифрлық банк, Freedom Holding Corp. құрамына кіреді. Банк Қазақстанда алғаш болып ипотека, автонесие және бизнес несиелерін толық цифрландырды, сондай-ақ елдегі алғашқы INVEST CARD инвестор картасын ұсынды.
Платиналық серіктес Alageum Electric – электр энергетикасы, машина жасау және инфрақұрылымдық құрылыс салаларында жұмыс істейтін, 30-дан астам кәсіпорынды біріктіретін ірі электротехникалық компаниялар тобы.
Алтын серіктес – Қазақтелеком.
Инновациялық серіктестер – WSE, Damumed.
Серіктес – Visa.