Форумның жеке бағыты – Digital Qazaqstan Awards ұлттық сыйлығы. Бұл марапат цифрлық және технологиялық трансформациядағы үздік тәжірибелерді мойындауға арналған. 2026 жылы сыйлықтар өнеркәсіптегі AI-шешімдерді енгізу, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту, өңірлік цифрлық трансформация, әлеуметтік маңызы бар технологиялық жобалар және болашағы зор AI-стартаптар номинациялары бойынша табысталады.
2026 жылы сыйлық бес номинация бойынша табысталады:
Best Industrial AI Project – өнеркәсіптік үдерістердің тиімділігі, қауіпсіздігі және орнықтылығын арттыруда нақты нәтижеге қол жеткізген жасанды интеллект негізіндегі жоба.
Best AI Government Services – азаматтар мен бизнеске арналған мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, сапасын және ашықтығын жақсартатын жасанды интеллект негізіндегі шешім.
Regional AI Transformation – өңір немесе қала деңгейінде іске асырылып, басқару, инфрақұрылым және ведомствоаралық цифрлық үдерістерге жүйелі өзгерістер енгізген жасанды интеллект жобасы.
AI for Social Impact – нақты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған және азаматтардың өмір сапасына өлшенетін оң әсер еткен жасанды интеллект жобасы.
Best AI Startup – технологиялық жетілгендігін, шешімдерінің практикалық қолданысын және нарықтық әлеуетін көрсеткен жасанды интеллект саласындағы стартап.
Жобаларды іріктеу төрт кезеңнен тұрады: өтінім қабылдау, кеңейтілген сауалнамаларды толтыру, жасанды интеллектіні қолдана отырып жүргізілетін аналитикалық бағалау және қазылар алқасының қорытынды шешімі. Жеңімпаздарды марапаттау форумның басты сахнасында өтеді. Өтінімдер 24 ақпанға дейін сілтеме бойынша қабылданады.
Digital Qazaqstan Awards сыйлығына қатысу – жобаңызды кең сарапшылық аудиторияға таныстыру және Қазақстанның цифрлық трансформациясы бойынша күн тәртібінің бір бөлігіне айналу мүмкіндігін ұсынады.
Форумның жаңа форматы Қазақстанның тұрақты цифрлық экономика қалыптастыру, жасанды интеллектіні негізгі салаларға енгізу және өңірлердің технологиялық дамудағы рөлін күшейту жөніндегі стратегиялық бағытын көрсетеді. Digital Qazaqstan еліміздің әртүрлі қалаларында өтетін республикалық форум ретінде жоспарланған. Ол цифрлық шешімдер мен AI-технологияларды нақты экономика секторына, мемлекеттік басқару жүйесіне және әлеуметтік салаға тікелей енгізуге бағытталады.
Digital Qazaqstan 2026 форумының негізгі тақырыбы Industry 5.0 төңірегінде. Industry 5.0 тұжырымдамасы адам мен технологияның үйлесімді әріптестігіне негізделеді. Мұнда жасанды интеллект, деректер және робототехника өнімділікті арттырудың, орнықты дамудың және адам әлеуетін күшейтудің негізгі құралдары ретінде қарастырылады.