Қазақстандық стартаптар 2025 жылына қарай IТ-қызметтер экспортын $500 млн дейін жеткізуге көмектеседі
Astana Hub еліміздің ең ірі технологиялық паркінің қатысушылары екі жарым жыл ішінде 124 млрд теңге тауып, 34,5 млрд теңге инвестиция, грант және қарыз тартты. Бұл ретте Astana Hub резиденттері IT-қызметтерінің экспорты 2020 жылы мен 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша 36 млрд теңге құрады. Салалық жеңілдіктердің арқасында IT-компаниялар 10,5 млрд теңге көлеміндегі қаражатты үнемдеп қалды.
2021 жылдың қыркүйегіндегі ахуалы бойынша технологиялық паркінің резиденттері болып 539 IТ-компания болып табылады, олардың 47-сі шетелдік компаниялар. IT-өнімдерді халықаралық нарыққа шығару үшін Astana Hub жаңа мүмкіндіктерді стартаптарға арналған қаржыландыру, инкубация, акселерация бағдарламалары, IT-мамандарын мен инвесторларды оқыту, әрі ірі отандық және шетелдік BigTech компаниялармен әріптестік орнату арқылы жүзеге асырады.
Технологиялық парк үшінші жыл бойы қатысушылар үшін бірегей жағдай жасауда: салалық преференциялар, даму бағдарламалары, тегін жұмыс кеңістіктері, сонымен қатар оқу курстары мен жобалардың қолжетімділігі. Оған қоса шетелдік қатысушылар 5 жылға дейін арнайы визалық режимін қолдана алады. Атап өткен іс-шаралардың барлығы Президентіміз қойған IT-мамандарын дайындау, IT-қызметтері мен IT-өнімдерін экспортқа шығару мақсаттарына жетуге бағытталған.
Отандық стартаптарды жылжыту мақсатында IT-шешімдердің экспорттық акселерациясы жарық көрді. Корпоративті инновацияларды дамыту мақсатында қазақстандық компаниялар мен 20 стартап-түлектердің қатысуымен Plug’n’Play кремний алқабынан акселераторды тарту, МТС-пен бірлесе отырып 5G полигонын іске қосу, Яндекспен бірлесіп бұлттық шешімдерді дамыту жоспарлануда. Қазақстандық IT-өнімдерінің Huawei Mobile Services қосымшалар платформасында қатысу деңгейі өсуде.
IT-кадрларды өсіру мақсатында технологиялық паркта Tech Orda бағдарламасы жүзеге асырылуда, оның арқасында жеке IT-мектептерінің оқушылары өздерінің оқуына ақшалай грант ала алады. Бес жылдың ішінде 20 мың IT-мамандардың оқуын қолдау көзделген. Онымен қатар технологиялық паркта әлемге әйгілі Ecole 42 моделі бойынша жұмыс жасайтын Аlem бағдарламалау мектебі бар, бұл мектепте оқушылардың өзара қатынасы арқылы іске асатын оқу моделі ұстанылады.
Оған қоса, осы жылы Astana Hub түрлі сатыдағы IТ-стартаптарды қаржыландыруды бастады. Seed Money бағдарламасының шеңберінде 35 стартапты қаржыландыру жоспарланып отыр. Әр жобаның дамуға 20 млн теңгеге дейін көлемде қаражатқа ие болуға мүмкіндігі бар.
“Біздің алдымызда Қазақстанның IT-саласын дамыту бойынша үлкен мақсат тұр, сол себептен Astana Hub қазақстандық және шетелдік IT-кәсіпкерлері үшін ашық. Дамудың кез келген сатысында тұрған IT-компаниялар отандық IT-саласының дамуына өз үлесін қосып, технологиялық паркқа жүгініп, жобаны жан-жақты қолдауға ие болып, қаржыландыру, инвесторлар мен оқудың қолжетімділігіне көздері жеткізе алады”, - дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін