Seed money бағдарламасына өтініш беруге — тағы 2 апта!

Көптің сұрауы бойынша біз Seed Money IT-стартаптарды қаржыландыру бағдарламасына өтінім беру мерзімін ұзартамыз.


Дедлайн мерзімі стартаптың даму сатысына байланысты белгіленеді:
🔹MVP — 18 қыркүйек 2021;
🔹Product/Market Fit — 4 қыркүйек 2021;
🔹Scale — 4 қыркүйек 2021.

Еске сала кетейік: Seed Money — бұл IT-стартаптарды қолдаудың кешенді бағдарламасы, оның аясында қатысушылар $47.000-ға (20 млн теңге) дейін қаржымен қатар технопарктің қаржылық емес қолдауына ие болады.

Қандай жобалар үміткер бола алады?
✔️Дамудың бастапқы сатысындағы стартаптар — MVP — прототипі бар, 3 адамнан тұратын команда, сондай-ақ алғашқы пайдаланушылар базасы және сатылымдары бар;
✔️Орташа сатыдағы стартаптар — Product/Market Fit — 7 адамнан тұратын команда, клиенттер/пайдаланушылар базасы және тұрақты сатылымдары бар;
✔️Дамыған стартаптар — Scale — unit-экономикасы оң, қаржылық есептеулері және маркетингтік жоспары бар.

❓Сіздің жобаңызды еске сала ма?
❗️Онда Seed Money бағдарламасына өтініш беруге асығыңыз және үздіктер шайқасына дайындалыңыз.

Толығырақ профиль сипаттамасындағы - сілтеме бойынша.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін