Astana Hub ұйымдастырған Idea Battle байқауының 18 жасар финалисі Қызылордадағы орта және егде жастағы адамдардың компьютерлік сауаттылығын арттыруға көмектеседі

Орта және егде жастағы адамдар үшін ZOOM платформасын, Microsoft Word, Excel, PowerPoint, әлеуметтік желілер мен E-gov платформасын пайдалану бойынша 2 күндік оқу сабақтары өткізілді.


2021 жылдың желтоқсан айында Astana Hub IT стартаптарының халықаралық технопаркі Idea Battle облыстардың әлеуметтік мәселелерін технологиялық жолмен шешуге арналған жобалардың арасында байқау өткізді. 46 өтінімнің ішінен 3 идея іріктеуден өтіп және олардың авторларына 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді. Үздік идеялар қала ортасының қолжетімділігі, қосымша ылғал көздерін жасау және орта жастағы және қарт адамдарды (48 жастан 68 жасқа дейін) компьютерлік сауаттылыққа үйрету болды.

Байқау финалистерінің бірі – “EJAKSU” жобасының авторы, Қызылорда қаласының 18 жасар тұрғыны Аружан Әбдіржан пандемия кезінде орта және егде жастағы адамдардың тек әлеуметтік ғана емес, сонымен бірге ақпараттық оқшаулануда қалып қойғанына назар аударды. Компьютерлік дағдылар мен әлеуметтік желі мүмкіндіктеріне қол жеткізе алмаушылығы олардың қажетті қызметтер мен ақпаратты алуына кедергі болғандығын атап өтті.

“EJAKSU” жобасының аббревиатурасы – “егде жастағы адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету”.

Аружан 10 волонтермен бірге 10 қатысушыға тренингтер өткізді. Сондай-ақ, олар үшін арнайы чат құрылып, ондағы әрбір адам компьютерлік сауаттылыққа қатысты сұрақтар қойып, волонтерлерден онлайн кеңес ала алатындығы туралы хабарлады.

Қатысушылар естелік сыйлықтарға – компьютерлік сауаттылыққа оқыту тренингінаяқтағаны туралы сертификаттарға, футболкалар мен «Ноутбукты 8 қарапайым қадам арқылы қалай меңгеруге болады» кітабына ие болды.

2022 жылдың ақпан айында Аружан ZOOM арқылы интернет-алаяқтықтың құрбаны болмау, интернет-банкингті қалай пайдалану, «бұлтта» үлкен деректердің сақтық көшірмесін қалай сақтау және қандай мобильді қосымшалар қызылордалықтардың өмірін жеңілдете алатыны туралы 3 қосымша онлайн сабақты өткізуді і жоспарлап отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, Idea Battle байқауы Қазақстанның 15 қаласын қамтыды: Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Өскемен, Павлодар, Тараз, Түркістан, Жезқазған, Қызылорда, Петропавл, Талдықорған және Шымкент. Байқаудың мақсаты – технологиялық стартаптар туралы хабардарлықты арттыру, әлеуметтік маңызды ІТ-стартаптарды қолдау және ынталандыру.

Толығырақ: https://astanahub.com/article/pobediteli-konkursa-idea-battle-ot-astana-hub-poluchili-po-200-tysiach-tenge-i-dostup-k-obrazovatelnym?locale=kz 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін