Astana Hub Battle жеңімпаздары Digital Bridge 2021 халықаралық форумының бірінші күнінде анықталды

Үздік стартаптардың ТОП-10 келесі стартаптар кірді: OQUDA, UvU, Parqour, Texta.ai, Flowsell.me, Jet Sharing, QFit, Oilan.io, MacDent, Supermoms Club. Форумның екінші күнінде олар өз IT-өнімдерін дамуына сомалары $10 000 (1 орын), $5 000 (2 орын), $ 3 000 (3 орын) ақшалай чектер үшін күреседі.


Жартылай финалға 89 IT-компания қатысты. Жалпы байқауға 250 сұраным келіп түсті.

Astana Hub Battle технологиялық стартаптар шайқасы дәстүрдегідей Digital Bridge 2021 халықаралық форумының алаңында өтті. Баттл  АТ-стартаптар арасында өткізілді, оларға қойылатын басты талаптар - нарықтағы тәжірибесі екі жылдан аспайтын, экспортқа шығу әлеуеті бар, командасында кем дегенде екі негізгі жұмысшысының бар болуы.

Байқаудың жартылай финалы офлайн-форматта өткізілді. Әрбір стартап-жобаға өз өнімі туралы  әділ қазылар мен форум қатысушылары алдында бір минуттық презентациямен сөз сөйлеу мүмкіндігі берілді.

Astana Hub Battle 2021 жартылай финалының қазылар құрамында келесі мамандар болды:

  • Максим Беженарь, MindSales негізін қалаушысы, Astana Hub маманы әрі трекері;
  • Андрей Крюков, Astana Hub маманы әрі трекері, Сколково, PwC және басқа да жобалардың трекері тәжірибесі бар.;
  • Кендрик Уайт, Marchmont Capital Partners бас атқарушы директоры;
  • Алина Хаматдинова, Алина Хаматдинованың тренинг-орталығының негізін қалаушысы, Astana Hub маманы әрі трекері;
  • Ержан Бейсенбаев, Azimut Labs бас атқарушы директоры, Қазақстандағы софт дайындайтын үздік компаниялардың ТОП-5 кіреді;
  • Аркадий Селезнев, Astana Hub даму мен экспорт бойынша атқарушы директоры.

Astana Hub Battle финалы 29 қазанда Digital Bridge халықаралық форумының соңғы күнінде өткізіледі. 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін