Жұмысшы мамандықтар қаласы: Astana Hub бірегей білім беру бағдарламаларын ұсынды

Astana Hub республикалық «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі мен IT мамандарын даярлауды көздейтін Tech Orda атты озық білім беру бағдарламаларын таныстырды.


«Жұмысшы мамандықтары қаласы» — экономиканың негізгі салаларын айшықтайтын үйлер мен көшелерден құралған шаһар іспеттес. Мұнда тау-кен ісі мен металлургия, машина жасау мен көлік, ауыл шаруашылығы мен су шаруашылығы, құрылыс, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі сияқты салалар көрініс тапқан. Astana Hub «Болашақ мамандықтар» көшесіндегі «Білім беру бағдарламалары мен бастамалары» үйінде бой көтеріп, келушілерге IT саласындағы заманауи оқыту әдістерін ұсынды.

«Цифрлық дағдылар – болашаққа апарар басты құрал. Біз жастарға сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге ең жақсы мүмкіндіктер беруге тырысамыз. Tomorrow School мен Tech Orda бағдарламалары білім алушыларға заманауи нарық талаптарына сай озық ілім мен бәсекеге қабілетті дағдыларды игеруге көмектеседі. Инновациялық оқыту әдістері мен мемлекеттік қолдаудың үйлесімі жоғары білікті IT мамандардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл іс-шара – Astana Hub бастамаларын көрсетіп, жастарды цифрлық технологиялар саласында табысты мансап жолын таңдауға ынталандырудың тамаша мүмкіндігі», – деді Дания Ахметова, Astana Hub басқарушы директоры.

Фестивальге келушілердің ерекше қызығушылығын тудырған Tomorrow School – Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект мектебі. Мұнда оқыту peer-to-peer инновациялық әдісі бойынша өтеді, яғни мұғалімдер мен дәстүрлі сабақтар жоқ. Оқыту студенттердің өзара көмегі мен топтық жұмысына негізделген. Француз педагогі Николя Садирак әзірлеген бұл әдістеме логикалық ойлауды дамытып, мәселелерді бірлесіп шешуге баулиды. Мұндай бағдарламалар бойынша оқыған түлектердің 90%-дан астамы курсты аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасып, әдістің тиімділігін айшықтады. Айта кетейік, қазіргі таңда Tomorrow School-дың төртінші легіне өтінімдер қабылданып жатыр.

Astana Hub ұсынған тағы бір маңызды бастама – мықты IT мамандар даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы. Оның аясында мемлекет әрбір студентке 600 мың теңгеге дейінгі грант ұсынып, елдегі жетекші жеке IT мектептерде оқуға мүмкіндік береді. Бағдарлама веб-әзірлеу, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект, Big Data, AR/VR және GameDev секілді IT индустриясының негізгі бағыттарын қамтиды.

Astana Hub стендіне келушілер Tomorrow School және Tech Orda бағдарламалары туралы ақпарат алып қана қоймай, өздерінің когнитивті қабілеттерін де сынап көре алады. Оларда шахмат ойнап, Рубик кубигін жылдам жинап, квест-ойынға қатысып, QR-кодтарды тауып, сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігі бар. Ал квест жеңімпаздары Astana Hub-тың білім беру платформасындағы IT және технологиялық кәсіпкерлікке арналған 20 сертификат пен 20 смарт-сағат ұтып ала алады. Сонымен қатар белсенділік танытқандарға естелік сыйлықтар ұсынылады.

Фестиваль 15 ақпанға дейін жалғасады, бұл уақыт аралығында мектеп оқушылары, студенттер және өзге де қызығушылық танытқан азаматтар заманауи және дәстүрлі мамандықтар әлеміне саяхат жасайды. Мұндай ерекше формат жастардың кәсіби бағдар алуына, сұранысқа ие мамандықтарға қызығушылығын арттыруға және жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға септігін тигізедіі.

Еске салсақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Бұл маңызды қадам жұмысшы мамандықтар абыройын арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бағытталған. Astana Hub бұл бастаманы белсенді қолдап, жоғары білікті IT мамандарын даярлауға өз үлесін қосуда.

Пікірлер 10

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍

Жауап беру

өте керемет

Жауап беру

побольше бы таких инициатив. особенно сделать это все более и более доступным для регионов.

Жауап беру

Классно!

Жауап беру

крутая инициатива

Жауап беру

Это в Astana Hub?

Жауап беру

Нет, МВЦ EXPO. Фестиваль продлится до завтра включительно.

Жауап беру

весело было

Жауап беру

керемет!

Жауап беру