Сапар барысында Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев делегацияға alem.ai орталығының негізгі AI-бастамаларын, халықаралық инновациялық кластердің экожүйесін таныстырып, стартаптарды қолдау және олардың жаһандық нарықтарға шығу мүмкіндіктері туралы баяндады.
Делегация alem.ai орталығының басты кеңістіктерін аралады. Олардың қатарында жасанды интеллект эволюциясына арналған интерактивті алаң Singularity Museum, сондай-ақ AI көмегімен жасалған контент көрсетілетін 180° проекциялы әлемдегі алғашқы иммерсивті кинотеатр AI Cinema бар.
Сапар аясында жасанды интеллект, цифрлық трансформация және smart city бағытында жұмыс істейтін қазақстандық стартаптар мен IT-компанияларға ерекше назар аударылды. Олардың қатарында:
Qala AI — ақылды қалаларға арналған шешімдер әзірлейтін қазақстандық UrbanTech-компания;
Kazdream — бағдарламалық жасақтама әзірлеу, цифрлық трансформация, жасанды интеллект және деректер аналитикасы салаларында жобаларды дамытатын Қазақстандағы жетекші IT-холдингтердің бірі. Компания Еуропа, ТМД, Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азияны қоса алғанда 11-ден астам елде жұмыс істейді;
JET — электросамокаттар, электровелосипедтер және пауэрбанктерді жалға беруге арналған шеринговый суперапп. Компания Орталық Азия, Кавказ және Латын Америкасында экологиялық көлік пен микромобильдік шешімдерді дамытуда;
inDrive — әлемнің 48 елінде ұсынылған жаһандық көлік және қалалық қызметтер платформасы. Компания жолаушылар тасымалынан бөлек, қалааралық сапарлар, жеткізу және қаржылық қызметтерді де дамытып келеді.
alem.ai орталығында сондай-ақ Astana Smart City жүйесі таныстырылды. Бұл — Presight компаниясы мен Астана әкімдігі бірлесіп жүзеге асырып жатқан елордадағы цифрлық трансформация жобасы.
Tokyo Metropolitan Government өкілдері сондай-ақ Astana Hub-қа барып, Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық инновациялық кластердің қызметімен, технологиялық компанияларды қолдау инфрақұрылымымен және Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту бағдарламаларымен танысты.
Бұл сапар жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық диалогтың бір бөлігіне айналып, Қазақстанның цифрлық экожүйесіне шетелдік серіктестердің қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетті. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты дамытып, AI-инфрақұрылымды қалыптастыруды және өңірдегі жетекші технологиялық орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастырып келеді.