Өтінімдер 2026 жылғы 2 наурызға дейін сілтеме арқылы қабылданады.
Hero Training – кәсіпкерлерге арналған Кремний алқабында өтетін бес апталық қарқынды курс. Қатысушылар 25–30 елдің нарығына шығу мүмкіндігіне ие болып, воркшоптарға, стратегиялық сессияларға, инвесторлармен AMA-кездесулерге қатысады, жетекші кәсіпкерлерден менторлық қолдау алады және нетворкинг іс-шараларға қосылады. Бағдарламаның маңызды элементтерінің бірі төзімділікті, көшбасшылықты және команда тиімділігін дамытуға бағытталған.
«Hero Training жылдар бойы Орталық Еуразиядағы технологиялық стартаптарға арналған жетекші халықаралық акселерациялық бағдарламалардың біріне айналды. Осы уақыт ішінде бағдарлама 260-тан астам өтінім қабылдап, оның 41 стартапы Кремний алқабындағы Draper University кампусында офлайн-акселерациядан сәтті өтті. Түлектер $3 миллион астам инвестиция тартып, халықаралық нарықтарда серіктестік орнатып, сатылымдарды іске қосты. Қатысушылар мен жобалардың географиясы Орталық Азия, Кавказ және Түркия елдерін, сондай-ақ АҚШ-ты қамтиды. Атап айтқанда, Майами нарығына шығу және америкалық университеттер мен компаниялармен ынтымақтастық орнату бағдарламаның жаһандық өсуге бағытталған стартаптар үшін практикалық маңызын дәлелдейді», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Hero Training бағдарламасына MVP және одан жоғары даму кезеңіндегі, жұмыс істеп тұрған өнімі бар технологиялық стартаптар қатыса алады. Бағдарлама қатысушыларға Draper Ecosystem кәсіпкерлері мен сарапшыларының жетекшілігімен жобаның өсу қарқынын жеделдетуге, АҚШ нарығына шығуға дайындалуға, сондай-ақ халықаралық инвесторлар мен серіктестердің назарын аударуға мүмкіндік береді.
Hero Training эксклюзивті акселерациялық бағдарламасы және оның бірінші, екінші, үшінші және төртінші легінің қатысушылары туралы толығырақ ақпаратты astanahub.com платформасынан білуге болады.
Анықтама үшін:
Draper Ecosystem – инновациялық экожүйені қолдау мақсатында таланттар, сарапшылар және инвесторларды біріктіретін бірегей тәсіл. Ол менторлар, салалық сарапшылар, корпоративтік серіктестер мен инвесторлардың кең ауқымды желісі арқылы стартаптарға қолдау көрсетеді. Draper University негізін қалаушы – АҚШ-тағы ірі венчурлік инвестор Тим Дрейпер.