Invest day: не өзгерді?

Енді іс-шараға қатысу үшін Techpreneurs, Accelerator, Pro-Scalerator немесе Silkway Accelerator қатысушысы немесе түлегі болуы шарт.


Сондай-ақ, Invest Day іріктеудің критерийлері мен трекерлердің бағалауына сәйкес келетін стартаптардың шорт-парағын толтыру шамасына қарай айына 1-2 рет тұрақты негізде өткізілетін болады. Бұл ретте бұған дейін тек 10 үздік стартап қатысуға жіберілген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Invest Day-ға қатысу үшін минималды критерийлер арасында Astana Hub акселерациялық бағдарламаларына қатысудан басқа, MVP, бәсекеге қабілетті өнім, алғашқы сатылымдар немесе кемінде 1 пилотты іске қосу бар.

Және де әрбір Invest Day алдында стартап-жобалардың питч-декаларына талдау жасайтын және кәсіби трекерден кері байланыс алатын білім беру воркшопы өткізілетін болады. Шақырылған инвесторлардың дауыс беру қорытындысы бойынша жобалар «Үздік питч», «Үздік стартап» және «Үздік команда» номинациялары бойынша жүлделерге ие болады.

Айта кетейік, Invest Day Astana Hub-та дәстүрлі іс-шараға айналды, оның барысында стартаптар өз жобаларын таныстыруға және әлеуетті инвесторлармен танысуға бірегей мүмкіндік алады, ал инвесторлар өздеріне перспективалы жобаларды таңдайды.

2020 жылдан бері әлемнің 11 елінен: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь, Украина, Литва, Швейцария, Ұлыбритания, Чехия, Оңтүстік Корея, Дубайдан 300-ден астам өтінім келіп түсті.

Инвесторлар Invest Day-ға келген елдер арасында-Финляндия, Әзірбайжан, Индонезия, Қырғызстан, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей, Украина, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Нидерланды, БАӘ бар.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін