2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтер 111 елге экспортталды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 25 елге артық. Astana Hub қатысушыларының шешімдері АҚШ, Ресей Федерациясы, Кипр, Ұлыбритания, Ирландия, Мексика, БАӘ, Сингапур, Өзбекстан және Швейцария нарықтарында жоғары сұранысқа ие болды. Экспортқа бағытталған компаниялар саны 537-ге жетті. Экспорттың негізгі бағыттары: SoftDev, GameDev, FinTech, AI & Big Data, Smart City, e-commerce, Data Center және IT-school. Бұл қазақстандық IT-компаниялардың өнімдері әртараптандырылып, жаһандық нарықтағы позициясының тұрақты нығайып келе жатқанын айшықтай түсті.
«Қазақстанның IT-секторы кемелденген өсім кезеңіне өтті: технологиялық компаниялар сыртқы нарықтарға шығып, тұрақты экспорттық табыс қалыптастырып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қатысушылардың IT-қызметтер экспорты шамамен $633 млн құрады. Экожүйеде алғашқы қазақстандық стартап-unicorn Higgsfield AI пайда болды. Бұл отандық индустрияның жетілгенінің және оның жаһандық технологиялық күн тәртібіне интеграцияланғанының маңызды белгісі. Осы тарихи нәтиже стартап-экожүйенің жоғары деңгейде дамығанын және адами капитал мен IT-секторды ілгерілетуге бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың тиімділігін дәлелдейді», - дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
Astana Hub экожүйесі өз ауқымын кеңейтіп келеді. 2025 жылы кластерге шамамен 700 жаңа компания қосылып, қатысушылардың жалпы саны 2 000-нан асты, оның ішінде 490-нан астамы шетелдік. Өсім сапа талаптарының күшеюімен қатар жүріп жатыр. Astana Hub-та қатысушылардың нақты қызметін және мәлімделген технологиялық бағыттарға сәйкестігін қадағалайтын тұрақты мониторинг жүйесі енгізілген. Соңғы екі жылда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген 150-ден астам стартап пен IT-компания хаб құрамынан шығарылды.
Былтыр Astana Hub АҚШ нарығындағы қатысуын Hero Training, AlchemistX және Silicon Valley Residency бағдарламалары арқылы күшейтті. Draper University-мен серіктестікте жүзеге асқан Hero Training бағдарламасы қазақстандық фаундерлерге Кремний алқабының кәсіпкерлік экожүйесіне тікелей қол жеткізуге мүмкіндік берді. AlchemistX және Silicon Valley Residency акселерациялық бағдарламалары экспорттық әлеуетті арттырды. Бағдарламалар аясында 9 стартап жалпы $1,3 млн көлемінде инвестиция тартты. 12 компания АҚШ-тағы корпоративтік және коммерциялық серіктестермен 108 пилоттық жобаға қол қойды. Пилоттық жобалардың қорытындысы бойынша AlchemistX және Silicon Valley Residency түлектері портфелінің 2026 жылға болжамды жиынтық табысы $22 млн көлемінде бағаланып отыр.
Өңірлік ынтымақтастық Central Asian Innovation Hubs бренді аясында дамыды. Орталық Азиядан 100-ден астам стартап Web Summit Lisbon, TechCrunch Disrupt, GITEX Global және WAIC Shanghai сияқты тоғыз халықаралық технологиялық көрмеге қатысты. Халықаралық экспансия шеңберінде Дубайда Tumar Innovation Hub іске қосылып, Digital Startups Scale Up бағдарламасын өңірден 10 стартап аяқтады. Қытайда Khan-Tengri Innovation Hub ашылды. Нарықтарға өзара шығу бағдарламалары да өңірлік интеграцияны күшейтті: 10 өзбекстандық стартап Kazakhstan Market Entry Program аясында Қазақстанда өз шешімдерін таныстырды, 10 қазақстандық стартап IT Park Uzbekistan ұйымдастырған Digital Startup Awards акселерациялық бағдарламасынан өтті, ал бір қазақстандық стартап Ташкентте өткен финалда Best Startup Project бағыты бойынша жеңімпаз атанды. Жыл соңында Astana Hub пен IT Park Uzbekistan альянсына IT Park Dushanbe қосылды.
Стартаптардың өсуі мен шетел нарықтарына шығуының негізгі драйвері Astana Hub-тың акселерациялық және инкубациялық бағдарламалары болды. Google for Startups-пен бірлесіп жүзеге асырылатын Silkway Accelerator бағдарламасының 2025 жылғы түлектері $550 мың көлемінде инвестиция тартып, $1,4 млн көлемінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді.
Startup Garage инкубациялық бағдарламасы аясында 46 жаңа жұмыс орны ашылып, стартаптардың жалпы сатылымы 129,9 млн теңгені құрады, ал тартылған инвестиция көлемі $300 мың жетті.
2024 жылы іске қосылған AI’preneurs бағдарламасына Қазақстан мен ТМД елдерінен 950 өтінім түсіп, үш лектің стартаптары $400 мың астам инвестиция тартты. 2025 жылғы қатысушылар бағдарлама барысында $403 мың астам сатылым және алдын ала сатылым көрсетті.
Industrial AI Acceleration бағдарламасы өндірісте жасанды интеллект шешімдерін енгізудің маңызды құралына айналып, 7 пилоттық жоба іске қосылды және 2026 жылдың бірінші тоқсанында тағы 10-нан астам пилотты бастау қолға алынды. Бастама аясында Shai.pro стартапы мен KMG Kashagan B.V. компаниясы өндірістік тиімділікті арттыруға бағытталған коммерциялық келісім жасасты.
Өңірлік стартап-экожүйені дамыту да басым бағыттардың бірі болды. Қазақстанда 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. 2025 жылы 16 өңірді қамтыған Startup Orda жаңа инкубациялық бағдарламасы іске қосылып, 695 өтінімнің нәтижесінде edtech, agtech, AI және social impact бағыттарында 205 стартап-жоба жүзеге асырылды.
2025 жылы Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency бағдарламалары шетелдік IT-мамандар мен компанияларды тартуды жалғастырды. 21 елден 500-ге жуық өтінім түсіп, 60-тан астам өтініш беруші Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды. Цифрлық көшпенді визасын алғандар арасында Алжир, Египет және Ботсванадан келген IT-мамандар бар. Бағдарламаларға ең жоғары қызығушылық бағдарламалық жасақтама әзірлеу, автоматтандыру және киберқауіпсіздік салаларында байқалды.
AI Movement бастамалары аясында 2025 жылы 371 мыңнан астам азамат бағдарламалау, AI дағдылары және жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу бойынша оқуды бастады. Tech Orda бағдарламасы 2022–2025 жылдары 121 IT-мектепте 9 037 студентті оқытты, ал 2025 жылы бағдарламаға 34 мыңнан астам өтінім берілді.
Жылдың ірі IT-оқиғасы – алғаш рет үш күндік форматта өткен Digital Bridge 2025 форумы болды. Форум аясында 20 мыңнан астам билет іске қосылып, қатысушылардың саны 60 мыңнан асты. Іс-шараға 400-ден астам спикер, 100-ден астам инвестор және 30 елден 200 IT-компания мен стартап қатысты. Форум барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының іске қосылатынын жариялады.
2025 жылдың қорытындысы Astana Hub-тың экспортқа бағытталған, халықаралық деңгейде ықпалдасқан және тұрақты технологиялық экожүйе қалыптастырғанын айқындай түсті.