Astana Smart City қорытындысы: елорда өмірін жақсартатын үздік 10 стартап
Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасы Astana Hub және Aстaнa Innovations ұйымдарымен бірлесіп, қалалық инфрақұрылымның негізгі салаларына озық технологияларды енгізуге бағытталған Astana Smart City Accelerator бағдарламасын сәтті аяқтады. 20 қарашада бағдарламаның Demo Day финалдық кезеңі өтіп, қатысушылар қала өмірін өзгертіп жатқан инновациялық шешімдерін ұсынды.
Таңдалған стартаптар Астананың мемлекеттік емханаларында, мектептерінде, қоғамдық көліктерінде, сондай-ақ қалалық қызметтер мен инфрақұрылым нысандарында сәтті іске қосылды. Бұл жобалар медициналық ұйымдардың жұмысын оңтайландырып, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтады, оқу орындары мен әлеуметтік мекемелердегі қауіпсіздікті арттырады, ресурстарды үнемдеп, қалалық қызметтердің сапасын жақсартады.
«Бұл технологиялар өз тиімділігін дәлелдеді: олар тек қала тұрғындарының өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қаланы қауіпсіз, экологиялық таза және қолайлы етеді. Біз Астананың болашақта әлемге танылатын инновациялардың алаңына айналып жатқанына куә болудамыз», — деді Astana Hub басқарушы директоры Танат Өскембаев.
Бағдарлама технологиялық қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырды. 128 өтінімнің ішінен 107 жоба бастапқы іріктеуден өтті, ал финалистер Astana Hub-тың Seed Money бағдарламасы арқылы 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру алды. Қатысушыларға сонымен қатар сараптамалық қолдау көрсетіліп, шешімдерін нақты жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылым ұсынылды.
Demo Day-да ұсынылған стартаптар:
- Protector AI – бейнежазбаларды талдауға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе. Ол соққы, құлау және итеру сияқты зорлық-зомбылық сипаттарын анықтай алады.
- AdsIQ – қоғамдық көліктегі мониторларда контент пен жарнаманы басқаруға арналған жасанды интеллект негізіндегі жүйе.
- SPLASH – экологиялық таза мобильді көлік жуу қызметі, ол қала ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмей автокөліктерді жууға мүмкіндік береді.
- HOOOD – цифрлық сыртқы жарнаманы (DOOH) басқаруға арналған платформа, ол жарнама берушілерге, әсіресе, шағын және орта бизнеске, жарнамалық науқандарды нақты уақыт режимінде іске қосып, бейімдеуге қолайлы құрал ұсынады.
- Autism Spectrum – аутизмі бар балалар мен олардың ата-аналарына арналған Қазақстан аудиториясына бағытталған қосымша.
- Rationeel – бұлтты шешім мен мобильді қосымшаны біріктіретін гибридті жүйе. Ол бизнес-процестерді цифрландыру және деректерді жинауды оңтайландыруға бейімделген.
- i-ConS – құрылыс пен жөндеу жұмыстарын басқаруды, жобалардың бюджетін бақылауды және материалдарды қадағалауды жеңілдететін мобильді қосымша әрі веб-интерфейс.
- Green Cars Қазақстанда электромобильдер инфрақұрылымын дамытумен айналысып, IT-платформа мен зарядтау станциялары желісін ұсынады.
- Hi Doctor – дәрігердің клиникалық көмекшісі рөлін атқаратын клиникалық шешімдерді қолдау жүйесі.
- qMed – қант диабеті, артериялық гипертензия мен жүрек жеткіліксіздігі сияқты созылмалы жұқпалы емес ауруларды басқаруға арналған платформа.
Astana Smart City Accelerator бағдарламасы озық технологияларды қалалық ортаға енгізудің тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, Астананы цифрлық технологиялар орталығы ретінде дамытуға негіз болды. Пилоттық жобалардың нәтижелері технологиялардың қаладағы өзекті мәселелерді шешіп, тұрғындардың өмір сапасын жақсартып келе жатқанын көрсетуде. Алдағы уақытта үздік шешімдерді Қазақстанның басқа да өңірлеріне масштабтау және халықаралық нарықтарға шығару жоспарланып отыр, бұл Астананың бәсекеге қабілеттілігін нығайтып, оны елдегі ақылды қалаларды дамытудың үлгісіне айналдырады.
Пікірлер 9
Кіру пікір қалдыру үшін
Ilias Zholaman · Жел. 5, 2024 17:10
👏
Symbat Targynbek · Қар. 22, 2024 14:19
Классно
Birzhan Nurlanuly · Қар. 22, 2024 12:25
🔥
Lain Iwakura · Қар. 21, 2024 12:43
cool!
Вячеслав Зырянов · Қар. 21, 2024 11:46
Классно
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:06
👍
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 10:54
👍
Laura Meir · Қар. 21, 2024 10:49
Круто!
Расул Шаримов · Қар. 20, 2024 20:58
👍