Market Entry бағдарламасына Өзбекстаннан 40 стартап өтінім берді. Конкурстық іріктеу барысында жобалардың өнім сапасы, масштабталу дайындығы және Қазақстан нарығында дамуға деген әлеуеті бағаланды. Бағдарламаға ерте MVP деңгейінен бастап толық қалыптасқан 10 команда шақырылды. Бұл тәсіл стартаптардың әртүрлі жетілу деңгейінде бағдарламаның тиімділігін сынауға мүмкіндік берді.
«Market Entry – IT Park Uzbekistan-мен соңғы бірнеше жыл бойы атқарып келе жатқан жүйелі жұмысымыздың жалғасы. Кремний алқабында көптеген бірлескен бастамаларымыз бар: мәселен, Пало-Альтодағы Silkroad Innovation Hub-ты қолдап келеміз, AlchemistX және Silicon Valley Residency Program бағдарламаларын іске асырамыз, биыл Шанхай мен Дубайда халықаралық хабтар аштық. Бұл – біз бірлесіп дамытып жатқан жобалардың бір ғана бөлігі. Біздің серіктестігіміз екі ел экожүйесін күшейтіп, ұзақ мерзімді нәтижелерге негіз болатын синергия қалыптастырады», – деді Astana Hub бас директоры Магжан Мадиев.
Акселерацияны Rezvo – мейрамхана және қонақүй бизнесіне арналған брондау, алдын ала тапсырыс және онлайн- төлем құралдары бар платформа; ZoomSelling – Орталық Азия маркетплейстерінің сату аналитикасы сервисі; Paylov – интернет-эквайрингке арналған төлем платформасы; Stanbase – өңірдегі стартаптар, инвесторлар және мәмілелер жөніндегі бірыңғай база; Aigul – сатылым мен лид генерациялауға арналған AI-бот; Tuzuk – құжаттарды талдау және құқықтық деректермен жұмыс істейтін заңдық AI-платформа; TTLK – жасанды интеллект негізіндегі жеке fashion-рекомендациялар қызметі; Deepen – фитнес-бизнесін басқаруға арналған ERP жүйесі; Gorent – Орталық Азияда кеңселер, коворкингтер, автокөліктер және басқа да нысандарды жалға беруге арналған маркетплейс сияқты жобалар сәтті аяқтады.
Акселератор қатысушыларының қатарында Renta сервисі де болды. Ол қысқа мерзімді автокөлік жалдау саласында маркетплейс моделін дамытып жатыр. Команданың айтуынша, бағдарлама жобаны дамытуда маңызды рөл атқарған. «Бағдарлама бізге процестерді жүйелеуге және өсуге тікелей әсер ететін міндеттерге назар аударуға көмектесті. Трекермен бірге маркетингтік арналарды оңтайландырдық, қаржылық модельді жетілдірдік және клиенттермен жұмысты күшейттік. Акселерация кезеңінде AloqaVentures-тен $100 000 инвестиция тарта алдық. Қазір Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан нарықтарына шығуға дайындалып жатырмыз», – деді Renta негізін қалаушы және СЕО Сухроббек Одилов.
Бағдарлама құрамында воркшоптар, жеке және топтық трекшн-сессиялар, сондай-ақ менторлық кеңестер болды. Олар командаға өнімдерін нарық талаптарына бейімдеуге, клиенттермен жұмысты жүйелеуге көмектесті. Бағдарлама аясында Astana Hub қатысушыларға тұратын орын, жұмыс кеңістігі, PR-сүйемелдеу және Қазақстанда бизнесті заңдастыру бойынша қолдау көрсетті.