Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
«Мен дәрігерлермен компьютерлік көру технологиясын қолданатын шешімдер жайлы ойларыммен бөлістім. Сол кезде КТ, МРТ және флюорография арқылы анықталатын күрделі ауруларға назар аударған едім. Кейін мені Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықтың мамандарымен таныстырды. Олар Қазақстанда жүрек-қан тамырлары аурулары себебінен қайтыс болатындар саны жоғары екенін айтты. Егер осы салада жоба жасалса, көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болатынын түсіндім. Дәрігерлердің сөзінен кейін бұл идеяға білек сыбана кірістім», – дейді Дастан Мұхамедиев.
Осы ойдан шабыт алғаны сонша, ол жүрек диагностикасын жетілдіретін жобаны әзірлеуге кірісіп, сол жазда оны Astana Hub-тың AI'preneurs акселерациялық бағдарламасында таныстырды. Аталған бағдарламаға 500-ден астам адам өтінім бергенімен, тек 10 жоба ғана іріктеуден өтті. Осы бағдарлама аясында Дастан ML-инженер Шайғазы Мұхтаровты серіктес ретінде тапты. Кейін жобаға тағы екі кофаундер – Нұрбақыт Ақылбеков пен Абай Шырынов қосылды.
Толығырақ: kapital.kz.