Жасанды интеллектіні дамыту үшін әлем елдері қанша қаржы бөлді?
Әлемнің алпауыт елдері жасанды интеллектіні дамытуға қомақты қаржы құйып жатыр. Бүгінгі таңда АҚШ, Қытай және Еуропа арасында бәсеке қызып тұр. BAQ.KZ тілшісі әлем елдері ЖИ үшін қанша қаражат бөлгеніне шолу жасады.

Елімізде қандай жобалар іске асырылып жатыр?
Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Онда Қазақстанды AI технологиялары бойынша жетекші елдердің қатарына қосу мақсатында жұмыс істейді. Ғалымдар, кәсіпкерлер мен стартаптар үшін зерттеу орталығы қызметін атқарады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, орталықтың құрылуы Қазақстанның жасанды интеллект шешімдерінің экспортын 2029 жылға қарай 5 млрд долларға дейін арттыруға, жасанды интеллекттің дамуы есебінен технологиялық және экономикалық өсудің жаңа толқынын қамтамасыз етуге және Астананы Орталық Азиядағы жасанды интеллект технологияларының жетекші орталығына айналдыруға мүмкіндік береді.
Astana Hub не дейді?
Silkway Accelerator және AI’preneurs бағдарламалары жалғасып, жаңа Astana Hub Ventures қоры іске қосылды. Қордың капиталы $10 миллион көлемінде бағаланып, жергілікті және халықаралық стартаптарды, әсіресе, Astana Hub түлектерін қаржыландыруға бағытталады. Жылдың басты жобасы – Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығының іске қосылуы. Орталық Қазақстанды ЖИ технологияларында өңірлік көшбасшы етуге арналған. Alem AI жыл сайын 10 000 талантты тарту, 1 000 ЖИ маманын даярлау және 100 стартапты іске қосу міндетін көздейді. 2029 жылға қарай ЖИ шешімдерінің экспортын $5 миллиардқа жеткізу жоспарланған. Орталық құрамына Tomorrow School, TUMO School секілді білім беру бағдарламалары, ЖИ акселераторлық кампусы, зертханалар мен GovTech орталығы кіреді. Бұл инновациялар мен ғылыми зерттеулерге арналған кеңістік болмақ.
Қазіргі таңда Astana Hub экожүйесінде 1 600-ден астам қатысушы бар, оның ішінде 150 стартап ЖИ саласында жұмыс істейді. Alem AI-дың құрылуы Қазақстанның технологиялық дамуындағы жаңа кезеңді айқындап, елдің жаһандық инновациялық қауымдастыққа интеграциясын күшейтеді.
Толығырақ білу үшін сілтемеге өтіңіз.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Ilias Zholaman · Наурыз 3, 2025 16:00
классно!