Astana Hub қатысушылардың қызметіне мониторинг жүргізу барысында компаниялардан қатысу шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтерді сұрата алады. Бизнес ерекшелігіне қарай бұл тізімге келісімшарттар мен орындалған жұмыс актілері, қаржы және салық есептілігі, бағдарламалық өнім, мүліктік құқықтар мен кадрлық құрам туралы мәліметтер енуі мүмкін. Төменде қандай құжаттар қажет болатынын, оларды қандай мерзімде тапсыру керектігін және жауап дайындағанда неге мән беру қажеттігін түсіндіреміз.
«Қатысу шарттарына қосылу туралы» шартқа сәйкес, Astana Hub резиденттері Қордың сұратуы бойынша мониторингке қажетті құжаттарды, мәліметтерді және басқа да ақпаратты ұсынуға міндетті.
Құжаттар Қордың сұрату хатында көрсетілген тәртіппен әрі мерзімде жіберілуі тиіс. Егер басқа уақыт белгіленбесе, мәліметтерді сұрату жіберілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде ұсыну қажет.
Сұралатын материалдар тізімі сұрату хатының мазмұны мен компания қызметінің ерекшелігіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл құжаттар бағдарламалық өнімге, шаруашылық операцияларына, қаржылық жағдайға, салық есептілігіне, сондай-ақ мүліктік құқықтар мен кадрлық ресурстарға қатысты мәліметтерді растау үшін қажет.
Компанияның қызметіне қатысты құжаттар
Компанияның қызметін растау үшін мынадай құжаттар сұратылуы мүмкін:
- шарттар, техникалық тапсырмалар, ерекшеліктер және қосымшалар;
- орындалған жұмыстар актілері;
- электрондық шот-фактуралар;
- орындалған жұмыстар туралы есептер;
- жұмыс нәтижелерін беру туралы құжаттар;
- компания қызметіне қатысты өзге де бастапқы құжаттар.
Ұсынылған материалдар орындалған жұмыстардың сипатын, көлемін және олардың Astana Hub қатысушысының қызметімен байланысын растауға мүмкіндік беруі маңызды.
Қаржылық және бухгалтерлік құжаттар
Мониторинг аясында компания пайдаланатын 1С, SAP немесе басқа есепке алу жүйесінде қалыптастырылған мынадай құжаттар қажет болуы мүмкін:
- бухгалтерлік баланс;
- пайда мен залал туралы есеп;
- ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
- капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
- 6010 шотының карточкасы;
- бухгалтерлік жазбалар журналы;
- айналым-сальдолық ведомостар;
- шоттардың талдамалары;
- төлем құжаттары;
- өзге де есепке алу тіркелімдері мен қаржылық түсіндірмелер.
КТС бойынша салықтық есептілік
Қатысушыдан өткен күнтізбелік жылғы корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан) сұратылуы мүмкін. Егер компания бұған дейін тапсырылған декларацияға өзгеріс енгізіп, қосымша нысандар тапсырған болса, сол есепті кезеңге қатысты барлық қосымша 100.00-нысандарын да қоса жіберуі қажет.
Маңызды: салықтық есептіліктің қабылданғаны туралы хабарлама декларацияны алмастырмайды. 100.00 нысанының өзін, сондай-ақ тапсырылған болса, барлық қосымша нысандарды ұсыну қажет. Тек есептіліктің қабылданғаны туралы хабарламаны ұсыну жеткіліксіз.
Бағдарламалық өнім, құқықтар және кадрлық құрам
Қордың сұрауы бойынша мынадай материалдар ұсынылуы мүмкін:
- ресми сайтқа, веб-платформаға, мобильді қосымшаға немесе бағдарламалық өнімге сілтеме;
- функционалдың сипаттамасы, презентация, пайдаланушы нұсқаулығы, скриншоттар немесе тестілік қолжетімділік;
- бағдарламалық өнімге мүліктік құқықтарды растайтын құжаттар;
- штат кестесі және кадрлық құрам туралы өзге де мәліметтер.
Егер компания өнімдік модель бойынша жұмыс істесе
Бағдарламалық өнімге қатысты құжаттар Astana Hub қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаның осы өнімге айрықша мүліктік құқықтардың иесі екенін растауы тиіс.
Бағдарламалық өнімнің жасалу немесе сатып алыну тәсіліне қарай растаушы құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:
- әзірлеушілермен және мердігерлермен жасалған шарттар;
- еңбек шарттары;
- қызметтік тапсырмалар;
- жұмыс нәтижелерін қабылдау-беру актілері;
- айрықша мүліктік құқықтарды беру туралы шарттар;
- өзге де құқық белгілейтін құжаттар.
Ұсынылған материалдардан айрықша мүліктік құқықтардың Astana Hub қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаға тиесілі екені немесе оған берілгені анық көрінуі тиіс.
Егер бағдарламалық өнім Ұлттық зияткерлік меншік институтында (ҰЗМИ) тіркелген болса, авторлық құқық объектісін тіркеу туралы куәлікті, сондай-ақ айрықша мүліктік құқықтардың бастапқы құқық иеленушіден Astana Hub қатысушысы болып табылатын заңды тұлғаға берілгенін растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Мысалы, егер куәлік жеке тұлғаның атына ресімделсе, оған айрықша мүліктік құқықтарды компанияның пайдасына беру туралы шарт қоса берілуі тиіс.
Егер компания сервистік модель бойынша жұмыс істесе
Егер қатысушы тапсырыс берушілерге бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу қызметтерін көрсетсе, БҚ әзірлеуге арналған шарттарды және олар бойынша міндеттемелердің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Құжаттар мен мәліметтерді толық, шынайы әрі уақтылы ұсыну мониторингті объективті жүргізуге, қатысушының қызметі туралы тұтас түсінік қалыптастыруға және қосымша сұраулардың жіберілу ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді.