Қазақстан әлемдік ІТ-таланттарды тарту мақсатында «Digital Nomad Residency» жобасын іске қосты

Қазақстан шетелдік ІТ-мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашатын «Digital Nomad Residency» пилоттық жобасын ұсынды. Бағдарлама мақсаты – әлемдік IT-таланттарды елге тартып, олардың тұрақты тұруы мен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру, сол арқылы қарқынды дамып келе жатқан цифрлық экономиканың бір бөлігіне айналдыру.


«Digital Nomad Residency» бағдарламасы ІТ саласында жұмыс істейтін шетелдік мамандарды тартуға бағытталған. Ол Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігін жеңілдетілген түрде ұсынады.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда, шетелдік IT маманы сұранысқа ие мамандықтар тізіміне сәйкестігі үшін салалық мемлекеттік органның өтінішін алу үшін Astana Hub порталына өтініш береді. Кандидат шетелдік паспорт көшірмесін, түйіндемесін, портфолиосын, мотивациялық хатын, сотталмағаны туралы куәлігін және 3,5*4,5 түсті фотосуретін ұсынады. Нәтижесінде, кандидат Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен өзінің біліктілігін және IT маманы мәртебесін растайтын өтініш алады.Осыдан кейін, шетелдік IT-маманы тұрақты тұруға рұқсат алуды алдын ала мақұлдау үшін eGov.kz порталында қызметке өтініш беруі керек.

Қызметті пайдалану үшін:

- eGov.kz порталында тіркеліп, "Азаматтарға" - "Азаматтық, көші-қон және иммиграция" - "Шетелдіктерге: ҚР-ға кіру және азаматтық" бөліміне өту қажет;

- "Шетелдік IT мамандарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" қызметін таңдап, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басу керек;

- көші-қон полициясының басқармасын таңдау керек;

- шетел паспортының көшірмесін (өтініш берген кезде паспорттың жарамдылық мерзімі 180 күнтізбелік күннен артық болуы керек), ҚР шетел офисінің консулы куәландырған аудармасымен, 35x45 мм сандық фотосуретті қосу керек;

-  ЦДИАӨМ өтінішін қажет мамандықтардың тізіміне сәйкес келтіру керек;

- тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтық және/немесе тұрақты тұрғылықты мемлекетте сотталмағандығы туралы заңдастырылған құжатты қосаңыз және "Келесі" батырмасын басу керек;

- қажетті жолақтарды толтыру керек;

- қызметті ЭЦҚ арқылы қол қою керек;

-  өтінім сауалнамасын жүктеп, танысу керек;

- ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалған құпияны құрайтын ақпаратты пайдалануға келісім беру керек;

-  жүктелген және толтырылған өтінім сауалнамасын тіркеу керек;

-  өтінімді жіберу қажет;

- қызмет нәтижесі пайдаланушының Жеке кабинетінде «Қызмет тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Өтінімді қарау мерзімі - 45 күнтізбелік күн. Содан кейін мамандар Қазақстанға келіп, Халыққа қызмет көрсету орталығының кеңселерінде рәсімдеуді аяқтай алады.

Қосымша ақпаратты Astana Hub ресми веб-сайтынан табуға болады.

Жоба ҚР ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің, ҚР ЦДИАӨМ Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ, ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және "Инновациялық технологиялар паркі" автономиялық кластерлік қорының бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

Дереккөз: ҚР ЦДИАӨМ 

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін

енді әлемнің ең мықты IT мамандары бізге келеді. Еліміздің өркениеті одан әрі дамуына ықпалын тигізетін болады.

Жауап беру

Выглядит здорово, держим кулачки!

Жауап беру

Отличная новость!

Жауап беру