«Мен тек идеямен келдім, команда да, жазылған код та болған жоқ»
— Мақпал, ІТ саласына қалай келдіңіз?
— Мен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеттің ақпараттық жүйелер факультетінде оқыдым, кейін есептеу техникасы мамандығын жалғастырдым. Оқуды бітірген соң Өскеменде «Қазцинк» компаниясының ІТ-бөлімінде жұмыс істедім: C# тілінде бағдарламалар жаздым, кейін бизнес-талдаушы қызметіне ауыстым. Сол уақытта біз немістің SAP корпорациясының ERP-жүйесін енгізуді бастадық. Арнайы курстардан өтіп, осы компанияның шешімдерімен жұмыс істеуге сертификат алдым.
2016 жылы «Қазцинктен» шығып, Астанаға көшіп келдім. Мұнда онкологиялық орталыққа медициналық ақпараттық жүйе енгізіп жатқан компанияда жоба менеджері болып жұмыс істедім. Бір жылдан соң декреттік демалысқа шықтым. Сол кезден бастап менің алғашқы стартап тарихым басталды, бұған дейін мұндай тәжірибем болмаған еді.
MacDent идеясы жүкті кезімде пайда болды. Сол уақытта тіс дәрігеріне барып жүргенде байқадым: дәрігер кейде қандай процедуралар жасалғанын, суреттер қайда сақталғанын ұмытып кететін. Сол кезде клиника үшін медициналық ақпараттық жүйе жасау туралы ой келді, онда әрі пациент жайлы барлық дерек дәрігерге, ал қаржы туралы мәлімет клиника басшылығына қолжетімді болар еді. Бірақ бұл тек ой болатын: алғашқы уақытта декретте бар уақытымды балама арнадым.
Балам бір жасқа тола қоймаған кезде Astana Hub туралы білдім. Онда стартаптарға арналған түрлі іс-шаралар өтіп жатты. Сөйтіп хабтағы алғашқы акселератор легіне өтінім беруге шешім қабылдадым. Алғашында бүкіл медицина саласына арналған CRM жүйесін жасау концепциясымен бардым. Бірақ маған ондағылар мұндай жобаны жалғыз жүзеге асыру қиын болатынын айтып, тарлау бағыт алуға кеңес берді. Солай стоматологияға арналған жүйе идеясына келдім. 2018 жылдың жазында жетілдірілген концепциямен Astana Hub акселераторының екінші легіне өттім. Сол кезде 15 жоба қабылданды, бағдарламаның соңына 7-8-і ғана жетті.
— Сол уақытта MacDent дайын өнім ретінде бар ма еді?
— Жоқ, мен тек идеямен келдім, команда да, жазылған код та болған жоқ. Бір айдың ішінде мақсатты нарық пен бастапқы нұсқаның (пациенттер базасын жүргізу және қабылдауға жазу) нақты функционалы айқындалды. Сол кезде клиенттерге көрсету үшін MVP-нұсқасын өзім жаздым. Тағы төрт апта аутсорста программист тауып, толық өңдеуге кетті. Ал үшінші айда алғашқы сатылым басталды.
Алғашқы сатылым жасау — біздің менторларымыз Асхат Сергазин мен Александр Дорошенконың тапсырмасы еді. Мен Астанадағы Happy Clinic стоматологиясына бардым. Директорға MacDent-тің MVP-нұсқасын көрсеттім. Әрине, бәрі мінсіз болмады, бірақ таныстырылымнан кейін ол менен: «Мынаны орнату үшін қанша төлеу керек?» деп сұрады. Мен сол жерде ойдан «15 мың теңге» деп айтып жібердім. Директор бірден ақша берді. Ал MVP әлі хостингке де шығарылмаған, барлығы менің компьютерімде ғана сақталған еді.
Үш апта ішінде аутсорстан Самат Қапышев деген маманды таптым, ол көп ұзамай менің стартапыма толық ауысты. Басында міндеттерді осылай бөлдік: ол техникалық жағын жүргізеді, ал мен сатылым, маркетинг, бизнес-модель мен бухгалтерияны өз мойныма алдым. Самат әлі күнге дейін бізбен бірге жұмыс істейді, қазір CTO қызметінде.
Сөйтіп MacDent-тің алғашқы релиз нұсқасын жасап, бағдарламаны тағы бірнеше клиникаға саттым. Мен ол кезде: «Ақшасын қазір төлейсіз, орнату екі аптадан кейін» деп ашық айтып жүрдім. Клиенттер соған да келісті. Қазір ойласам, сол кезде бір сиқыр болған сияқты. Бүгінде клиникаларды аралап жүріп, көп сатылым жасау қиын болар еді. Мүмкін, ол кезде нарық бос болған шығар, қазір уақыт басқа.
— Ал алғашқы клиент болған клиникалар әлі де MacDent қолдана ма?
— Иә, олардың кейбірі қазір бірнеше филиалы бар ірі орталықтарға айналды. Біздің өніммен бірге олардың өскенін көру — мен үшін қуаныш.
Толығырақ Digitalbusiness.kz сайтында