➤ Компанияға инвестиция салған Бакуде орналасқан INMerge Ventures қоры. Қордың артында Әзербайжан мен Түркияның ірі ұйымдары тұр. Бұл қордың Қазақстандағы алғашқы инвестициялық жобасы.
➤ Алғашқы байланыс Digital Bridge форумында орнаған. Кейін келіссөздер Дохада өткен жабық Web Summit Qatar шарасында жалғасқан. Due diligence кезеңінен кейін қор нақты инвестициялық шешім қабылдады.
Digital Business басылымына эксклюзив пікір берген UvU.kz компаниясының тең құрылтайшысы әрі бас директоры Мадияр Төлеуғали бұл мәміленің маңызына тоқталды.
«INMerge Ventures үшін Қазақстандағы қазіргі бизнесіміз ғана емес, бұл модельдің басқа нарықтарда да жұмыс істей алу әлеуеті маңызды болды. Бұл келісім біздің тек жергілікті сервис емес, өңірлік қалалық мобильдік платформасына айнала алатынымызды көрсетті», — дейді Мадияр.
➤ Қазір UvU.kz Алматы, Астана және Жидда қалаларында жұмыс істейді. Платформа арқылы 30-дан астам компания мен 15 жекеменшік мектеп тасымал және трансфер қызметін пайдаланып отыр.
➤ Компания 2026 жылдың маусым айында инвестициялық раундты аяқтап, Қазақстандағы позициясын күшейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ күн сайын қатынайтын шаттлдар санын 600-ге дейін жеткізуді көздейді. Бұл компания табысын шамамен төрт есе арттыруы мүмкін.
Толығырақ ақпарат Digital Business сайтында.