Қазақстандық мектеп оқушылары INFORMATICS-ASIA халықаралық байқауында 45 алтын медаль жеңіп алды
Халықаралық INFORMATICS-ASIA компьютерлік жобалар байқауының финалына Қазақстан, Гонконг, Түркменстан және Қырғызстаннан 450 оқушы қатысып, 184 жоба ұсынды.

Қазақстандық оқушылар 45 алтын, 72 күміс және 98 қола медаль жеңіп алып, жоғары нәтиже көрсетті.
Байқау ағылшын тілінде: робототехника (FLL Challenge және Arduino Hackathon), компьютерлік бағдарламалау, компьютерлік графика және өнер, қолданбалы ғылыми жобалар, қысқаметражды фильмдер және қолданбалы математика жобалары секілді алты бағыт бойынша өтті.
Байқаудың мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту. Сонымен қатар, дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары негізінде жаңа жобалар жасау, олардың шығармашылығын ақпараттық технологиялар саласын дамытудың тиімді құралы ретінде пайдалану, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайту және түрлі ел өкілдерінің қатысуымен шығармашылық тәжірибе алмасу - негізгі міндеттердің бірі.
Айта кету керек, бұл байқау Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және осы уақыт аралығында ғылыми шараға әлемнің 20 елінен 5000-ға жуық оқушы қатысты.
Байқау жеңімпаздарына еліміздің және әлемнің беделді университеттерінің гранттары табыс етілді. Қазіргі уақытта олар видеография, дизайн, бағдарламалау және т.б. сияқты әртүрлі салада табысты еңбек етіп жатыр.
Байқауды ұйымдастырушылар – ҚР Білім министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры. Astana Hub халықаралық технопаркі INFORMATICS-ASIA байқауына демеушілік етті. Сондай-ақ, Sergek Projects, Documentolog Global Limited және IT CEO Club қолдау көрсетті.
Пікірлер 6
Кіру пікір қалдыру үшін
Laura Meir · Қыр. 17, 2024 00:58
👍👍👍
Nur Uadid · Ақп. 27, 2024 23:52
Жарайсыңдар! Керемет!
Kirill Grinenko · Ақп. 23, 2024 14:36
👍👍👍
ТОО ASTROBAKERS · Ақп. 12, 2024 14:41
👍👍👍
Alex Miller · Қаң. 9, 2024 09:54
👍👍👍👍
Ilias Zholaman · Жел. 21, 2023 18:05
👍👍👍