Қазақстандық стартаптар Алматыны жақсартуға ат салысуда
«Smart City Accelerator Almaty» бағдарламасының стартап-түлектері Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысқан шақырылған инвесторлар мен қала басқармаларының басшыларының алдында өз жобалары туралы сөз сөйледі. Бағдарлама қатысушылары қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, туризм, білім беру, көлік, құрылыс бағыттарындағы жобаларды дамытты.
Astana Hub Алматы қаласының цифрландыру басқармасымен бірлесіп, қалалық қызметтердің жұмысына инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мақсатында стартап-жобалар үшін акселерация бағдарламасын іске қосты.
Бағдарламаның мақсаты — технологиялардың көмегімен қала тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру мен қызмет көрсетудің тиімділігін жоғарылату арқылы өмір сапасын жоғарылату. Бағдарлама шеңберінде балабақша мен білім мекемелерінде климат пен ауа сапасын қашықтан бақылау, жол мен жаяу жүргіншілер трафикті реттеу бойынша видеобақылауды сараптау, мүлік меншік иелерінің бірлестігін құру мен тұрғын үйлерді басқару, мүлік меншік иелерінің бірлестігін онлайн-тіркеу, балаларды оқуға ынталандыру, балаларды қауіпсіз жеткізу, өт сөндіру қызметкерлерінің әрекетін оңайлату бойынша жобалардың пилоттары іске қосылды.
«Smart City Accelerator Almaty» бағдарламасы — бұл білім беру курстары, трекерлерден білім алу, инвестиция тарту, PR және консалтингтік қызметтер көрсететін тегін стартап-жобаларды дамытуға арналған қарқынды бағдарлама. Үлкен жұмыс орындалды, Алматы қаласы әкімдігімен тығыз байланыста акселерация іске асырылды. Мен стартаптарды өздеріне және өз күштеріне сенуге шақырамын, біз сізді әрқашан қолдаймыз», - деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Бағдарламаның ұзақтығы 4 жарым айды құрайды. Бағдарламаға 86 сұраным қабылданып, олардан 25 стартап-жоба іріктелінді, ал олардың ішінде 24 жоба бағдарламаны тамамдады. Бағдарлама нәтижесінде 50 сағаттық уоркшоптар мен 690 сағатты жеке консультация, трекшн және борд-кездесулер өткізілді. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде ең перспективалы және іске асыруға дайын стартаптар Алматы қаласы әкімдігінің басқармаларымен бірлесңп, пилоттық жобаларды іске қосты.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін