АҚШ нарығындағы қазақстандық стартап: Call2action.ai жобасына 40 транспорттық компания қызығушылық танытып жатыр
Astana Hub халықаралық технопаркінің резиденті — қазақстандық Call2action.ai стартабы АҚШ нарығында қарқынды дамып жатыр. АҚШ-тың 40-тан астам транспорттық компаниясы инновациялық өнімге қызығушылық танытып, оның екеуі коммерциялық негіздегі клиентке айналса, үшеуі пилот аясында ынтымақтастық орнатты.
Call2action.ai — генеративті жасанды интеллект (GenAI) негізіндегі тасымал мен логистика салаларында жұмысқа алу процесін автоматтандыру үшін әзірленген әлемдегі алғашқы шешім. Стартап пайдалануға дайын SaaS-шешім ұсынып, жұмысқа алу процесін ыңғайлы ғана емес, экономикалық тұрғыдан тиімді етеді.
Жобаның бастапқы гипотезасы өз тиімділігін дәлелдеп, командаға қарқынды түрде алға жылжып, трекшнді арттыруға ықпал етті. Нәтижесінде, стартап инвестициялық кезеңді ашып, венчурлық қорлар және бизнес-періштелермен келіссөздер жүргізуде. Олардың кейбірі жергілікті эдвайзер рөлінде болысып, инвестор атануды жоспарлап отыр.
«АҚШ нарығы Қазақстан нарығынан біршама ерекшеленеді, бірақ біз тасымал мен логистика саласындағы жұмысқа алу процесін трансформациялау үшін зор әлеует көрдік. Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысуымыздың арқасында Astana Hub пен Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Кремний алқабында акселерациядан өтіп, бірнеше ай ішінде айтулы нәтижелерге қол жеткіздік: 40-тан астам транспорттық компания қызығушылық танытты, олардың екеуімен келісімшарттар жасалды, үш компания пилоттық жобаларды іске қосты. Бізде pre-seed кезеңі үшін әлеуетті инвесторлар бар, сондай-ақ Persol Group пен Mitsui Group сияқты ірі жапондық корпорациялардың назарын аудардық. Мұндай сұранысты ескере отырып, өніміміз бірнеше жыл ішінде миллиард долларлық құнға жетеді деп үміттенеміз», — деді Ерсұлтан Джусакинов, Call2action.ai бас директоры және негізін тең қалаушы.
Call2action.ai командасы АҚШ-тағы инновациялық орталықтармен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда, оның ішінде негізін Орталық Азиядан шыққандар қалаған Silkroad Innovation Hub бар. Стартап TechCrunch Disrupt пен CESV 2024 сияқты ең ірі халықаралық көрмелерде өз әлеуетін көрсетіп, жаһандық нарықта болашағы зор ойыншы ретінде танылды. Сондай-ақ Call2action.ai Mitsui Group-тің 2025 жылы басталатын акселерациялық бағдарламасына іріктелді.
Еске салсақ, бұған дейін Орталық Азияның 22 перспективті стартабы, оның ішінде Call2action.ai де бар, AlchemistX & Silicon Valley Residency Program аясында Кремний алқабында акселерациялық бағдарламалардан өту мүмкіндігіне ие болды. Бұл бағдарламалар Astana Hub және Silkroad Innovation Hub-тың, ҚР Цифрлық даму министрлігінің, Дүниежүзілік банк пен FPIP жобасының қолдауымен жүзеге асырылды.
Пікірлер 8
Кіру пікір қалдыру үшін
Balzhan I · Қар. 23, 2024 17:56
молодцы!👍🏻👍🏻
Symbat Targynbek · Қар. 22, 2024 14:18
🔥👍
Birzhan Nurlanuly · Қар. 22, 2024 12:27
🔥
Almas Urazbekov · Қар. 21, 2024 20:52
Тамаша
Вячеслав Зырянов · Қар. 21, 2024 12:44
👍
Lain Iwakura · Қар. 21, 2024 12:43
cool!
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:05
👍
Оксана Жаксынбекова · Қар. 21, 2024 11:05
👍