Қазақстандық стартап жаңа жылдық мерекелерден кейінгі қоқысты кәдеге жарату шешімін тапты

Astana Hub қатысушысы, Sagi стартапы, қайталама шикізатты жинаумен және қайта өңдеумен айналысатын LS Ecolife компаниясымен бірлесіп, "Жаңа жылды экологиялық тұрғыдан баста" атты экологиялық қозғалысты іске қосуда. Акция мерекелік демалыстан кейін, 4 қаңтардаң басталып, айдың соңына дейін жалғасады.


Жаңа жылдан кейін көшедегі қоқыс жәшіктері қаңылтырмен, сыйлықтар пакеттерімен, бос бөтелкелермен толтырылады. Мұның бәрі күн сайын ұлғайып келе жатқан полигондарға жеткізіледі. Әрбір қазақстандық жыл сайын 400 келіден астам қалдық өндіреді, елдің ресми полигондарында 45 млн тоннадан астам қоқыс жинақталған. Тек Нұр-Сұлтанның өзінде жылына 300 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады, яғни тәулігіне шамамен 1000 тонна.  Бұл ретте қалдықтардың 45%-ы макулатура, қораптардан немесе ойыншықтардан қалған пластиктер қайта өңдеуге жарамды шикізат болып табылады.

Акция жүзеге асқан кезден бастап, елорда тұрғындары шикізатты қайта өңдеуге тапсырып, есесіне мекемелер мен дүкендерде жұмсауға болатын 300 бонусты ала алады. Серіктестердің құрамына: Hani cakes and coffee кондитерлік дүкені, Mastercoffee кофеханасы, 5А мейрамханасы, Tucino аяқ киім дүкені және т.б кіреді. Мекемелердің толық тізімі Sagi мобильді қосымшасында қол жетімді, сонымен қатар сіз әртүрлі мекемелерден бонустар санын көре аласыз. Қайта өңдеуге макулатура, картон, пластик, полиэтиленді қаптама пакеттер және т. б. қабылданады.

Мобильді қосымшаның арқасында, пайдаланушылар пластикалық бонустық карталар мен қағаз анкеталарын пайдаланудан бас тартады. Sagi бірыңғай виртуалды картасына бонустарды алу үшін шикізатты қабылдау орталығында телефон нөміріңізді қалдыруыңыз керек. Ал бонустарды жұмсау үшін қызметті төлеу кезінде клиенттің жеке кодын атау жеткілікті.

"Біздің компания экотоварларды қолдап, әрқашан саналы тұтыну қағидасын ұстанады. Бүгінде жаңа технологиялар пластик пен қағаздан бас тартуға мүмкіндік береді, көптеген процестерді смартфон арқылы шешуге болады"- деп Sagi компаниясының басшысы Жақсылық Есельбаев атап кетті. Сонымен қатар, компания қызметкерлері қайта өңдеуге жатпайтын заттарды, мысалы, жасанды шыршаларды немесе әшекейлерді бірнеше жыл бойы пайдалануға немесе қайырымдылық қорларына беруге болатынын атап өтті.

Атап кетсек, өткен жылы экологиялығы, табысты көзқарасы және жобаның перспективалылығы үшін Sagi Astana Hub-тан Seed Money қаржыландыру орталығынан 10 млн.теңге жеңіп алды. Сонымен қатар, стартап Scalerator технопаркінің акселерациялық бағдарламасынан сәтті өтті, онда оңтүстік-шығыс Азия нарықтарына шығу бойынша сараптамалық қолдау алды.

Sagi және  LS Ecolife қазақстандықтарды ертеңгі күн  туралы ойлануға шақырады. Көңілді өткен мереке, экологияға зиян тигізбеуі тиіс.

Шикізатты қайта өңдеуге Нұр-Сұлтан қаласы бойынша келесі мекенжайларға тапсыруға болады:

  1. Мұстафин к-сі, 17/1 
  2. Манас к-сі, 11/4 
  3. Қаныш Сатпаев к-сі, 29
  4. Қосшы қ,  Республики к-сі, 3Б

 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін