ZERO Education – білім беру ұйымдарын басқаруға арналған all-in-one форматындағы қазақстандық цифрлық экожүйе. Ол мектептің негізгі ішкі процестерін бір жүйеге біріктіреді. Платформа барлық кезеңді қамтиды: қабылдау процесінен бастап құжат айналымы, қаржылық есеп және академиялық басқаруға дейін.
Бұл шешім өтінімдерді орталықтандырып, жаңа оқушылармен жұмысты автоматтандыруға мүмкіндік береді, соның арқасында операциялық процестердің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Жүйеде талдау және басқару құралдары қарастырылған. Сондай-ақ онлайн қол қою мүмкіндігі бар электронды келісімшарттар және мемлекеттік қызметтермен интеграция бар. Электронды журнал (LMS) бағалар, сабаққа қатысу, кесте және ата-аналармен байланысты бір интерфейсте біріктіреді.
«Бұл – біз үшін алғашқы халықаралық келісімшарт. Ол өніміміздің жетілгенін және шетелде қолдануға дайын екенін көрсетеді. Платформа басынан бастап білім беру ұйымдарын басқаруға арналған кешенді шешім ретінде жасалған және бүгінде сыртқы нарық талаптарына бейімделе алатынын дәлелдеп отыр. Бұл ZERO-ны кеңейтуге және оны халықаралық EdTech шешімі ретінде дамытуға негіз қалайды», – деді ZERO Education негізін қалаушы Дәурен Момынқұлов.
Қазіргі таңда Қазақстанда ZERO жүйесіне 50-ден астам білім беру ұйымы қосылған. Олардың қатарында жеке мектептер, білім беру орталықтары және ірі білім беру жобалары бар. Серіктестер қатарында Flagman, Quantum STEM School, Quantum Tech School, Spectrum International School, Harmony School, Zaman School, Fiztex, Prometheus School, Narxoz College және басқа ұйымдар бар.
Компанияның жинаған тәжірибесі мен көпжылдық жұмысы жобаны жаңа деңгейге, атап айтқанда шетел нарығына шығарып, ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазір команда өнімді Қырғыз Республикасының талаптарына бейімдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінде электронды цифрлық қолтаңбаны енгізу және жергілікті телефон байланысы қызметтеріне қосылу жұмыстары атқарылып жатыр.
ZERO Education командасының тәжірибесі қазақстандық технологиялық шешімдердің экспортқа шығуы мен халықаралық деңгейде заманауи цифрлық білім беру ортасын қалыптастыруға қосып жатқан үлесін айшықтайды.