KazDream — армандар қалай орындалады?

Офлайн іс-шаралардың саны артып келеді! Кеше Astana Hub event hall залында Kazdream IT-холдингінің негізін қалаушы және бас директоры Дәурен Төлебаевпен кездесу өтті. Дәурен 6,5 жыл ішінде қазақстандық АТ нарықта мойындалған компаниясының табыс тарихымен бөлісіт.


Диалог алаңының форматы қатысушыларға кездесу барысын өздері басқаруға, ал спикерге барынша ашылып, аудиториямен байланыс табуға мүмкіндік береді. 

 

- Бүгінгі таңда біздің командада 460 қызметкер бар, олардың 350 – бағдарламашылар. Біз барлық бағдарламалау тілдерінде және Қазақстандағы барлық іс жүзіндегі мәліметтер базасымен жұмыс істейміз. Салыстырып қарасақ, 2015 жылы біз жеті адамнан тұратын командадан бастадық. Ең бастысы сан емес, сапа деген тірі мысал деп айта аламыз, – деп спикер естеліктерімен бөлісті.

 

- 2020 жылы біз Қытай мен АҚШ нарығына экспортқа шықтық. Біз үшін бұл дамудың жаңа қадамы болды, бірақ бұл тек біз үшін ғана емес, жалпы қазақстандық бағдарламашылар үшін де шегі емес.

 

Kazdream-де корпоративтік рухқа ерекше көңіл бөлінеді.

 

- Біздің холдингтегі ішкі өміріміз өте мағыналы. Штатта психолог, ағылшын тілі мұғалімі, бачата мұғалімі бар. Біз үнемі тимбилдингтер, speaking club, би сабақтарын өткіземіз, табиғатқа шығуды ұйымдастырамыз. Біздің ұйымшылдық, әсіресе, пандемия кезінде байқалды, біз ауырып қалған қызметкерлерімізге ғана емес, олардың туыстарына да азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткіздік. Мен, көшбасшы ретінде, осындай ұжымдық қолдауды көргеніме өте қуаныштымын.  

 

“Команданың басымдығында не тұр?” деген сұраққа Дәурен бірден: “біздің клиенттер” жауап берді.

 

- Ақша — бұл тек ресурс. Біз өзімізге және өзгелерге өзіміздің мықты екендігімізді дәлелдеу үшін жұмыс істейміз.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін