Бұл шолу қаладағы жаһандық кәсіпкерлік экожүйені қалыптастырып, шетелдік стартапшылар, инвесторлар және технологиялық компаниялар арасындағы байланысты дамытатын ұйымдарды қамтиды.
Khan Tengri Innovation Hub – Қазақстанның Қытайдағы алғашқы инновациялық хабы. Ол Орталық Еуразия елдерінен келген стартаптар мен технологиялық компанияларды қолдауға бағытталған. Хабтың негізгі мақсаты – шекарааралық ынтымақтастықты дамыту және аймақ командаларын халықаралық инновациялық ортаға енгізу.
Хаб екі бағытта жұмыс істейді:
- Орталық Азия стартаптарына Қытай нарығына шығуға көмектеседі;
- қытайлық технологиялық компаниялардың Орталық Азия елдеріне шығуына қолдау көрсетеді;
- жоғары технологиялар саласында серіктестік пен бірлескен жобаларды дамытады.
Негізгі бағыттары – жасанды интеллект, DeepTech, робототехника, IoT және ақылды өндіріс шешімдері. Хаб Inbound China және Outbound China бағдарламаларын жүзеге асырып, компаниялардың халықаралық нарыққа шығуына және бірлескен жобаларды іске қосуына көмектеседі.
Бұл тізімге ену Орталық Азияның жаһандық инновациялық экожүйедегі рөлінің артып келе жатқанын және өңірлер арасындағы тұрақты байланыстардың маңызын көрсетеді.
Толығырақ сілтеме арқылы оқи аласыздар.