Өтінімдер 20 қарашаға дейін қабылданады.
Байқауға MVP-сі бар, оны сала мамандарының алдында таныстыруға дайын әйелдер қатыса алады. Бұл тәжірибе алмасуға, жобаны дамытуға және жаңа кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін алаң.
Байқау қорытындысы 28 қарашада Astana Hub-та өтеді.
Қатысушылар өз жобаларын питчинг форматында таныстырады. Қазылар алқасының қатарында кәсіпкерлік пен венчурлық инвестициялар саласының мамандары, табысты стартаптардың негізін қалаған әйелдер болады. Олар қатысушыларға жобаларын дамыту және жаңа нарықтарға шығу бойынша бағыт-бағдар береді. Жалпы жүлде қоры 600 000 теңге.
“Әйелдердің технология мен стартап саласына қызығушылығы артып келе жатқаны қуантады. Бұған дейінгі бастамаларға 200-ден астам қатысушы, 15-тен аса команда қатысып, өз жобаларын сарапшыларға таныстырып, қолдау алған”, - дейді Astana Hub ивенттер кеңсесінің директоры Альмира Марден.
Astana Hub-тың әйел кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бастамалары табысты жобалардың танылуына септігін тигізді. Олардың қатарында Speak Up (сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған AI-қосымша), TumarAI (әр саяхатты шабыт пен табыс көзіне айналдыратын платформа), Finder (фриланс жұмыс іздеу сервисі) және ZHANUYA JOLY (инклюзивті туризмге арналған AI-сервис) сияқты әлеуметтік маңызы жоғары жобалар бар.
IT Queen 2025 осы дәстүрді жалғастырып, Қазақстандағы инновациялық экожүйеге үлес қосатын әйелдерге жаңа мүмкіндіктер ашады.