Өз стартапыңызды Еуропалық нарыққа кеңейтіңіз!

Astana Hub ресейлік-финдік бизнес акселераторымен серіктестікте фин инвесторларына идеяларды ұсыну үшін стартаптардан өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.


Іс-шараның мақсаты – жобаларға инвестиция тарту, Финляндиямен  жаңа байланыстар және серіктестер табу, фин нарығына шығуға көмектесу, сондай-ақ Еуропада компанияларды жылдам ашу. Жобалардың питчингі финдік сарапшылардан (инвесторлар, тәлімгерлер, әлеуетті серіктестер) кері байланыс алу және олардан қолдау алу мақсатында жүзеге асырылады. 

Ресей-Финляндиялық бизнес акселераторы Финляндияның ғылыми парктерімен және муниципалды әкімшіліктерімен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді, технологияларды еуропалық өнеркәсіптік платформаларға трансферлеу, стартаптарды еуропалық инвесторларға және қорларға таныстыру, Еуропада жобаны жылдам іске қосу мен барлық кезеңде қолдау көрсету – таныстыру, питчингтен бастап компанияны тіркеуге дейін қызмет етеді.

Қатысушыларды іріктеу критерийлері:

Сіздің IT өніміңіз бәсекеге қабілетті және сыртқы нарықтарға сатуға бағытталған болуы керек;

Жобаның ағылшын тілінде таныстырылу маңызды;

Ағылшын тілін кем дегенде сөйлесу деңгейінде білу;

Қатысушыларды іріктеу кезеңдері:

Берілген деректердің толықтығына өтінімдерді бастапқы тексеру;

Серіктес сарапшылардың стартаптарды таңдауы және қорларға қарастыру үшін презентацияларды жіберу;

Белгіленген күнге сәйкес питчинг.

Өтінім беру мерзімі: 2021 жылдың 15 қыркүйегіне дейін

Тіркелу – сілтеме бойынша өтіңіз

Astana Hub арқылы стартаптың шекарасын кеңейтіңіз!

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін