Оқу-ағарту министрі Astana Hub-тың білім саласындағы стартап жобаларымен танысты

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевпен бірге Astana Hub технопаркінде болып, білім саласында түрлі цифрлық шешімдер ұсынатын отандық EdTech-стартап жобалармен танысты.


Бұған дейін оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерді бағдарламалау негіздеріне оқытатын онлайн білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосқан болатын. Ол бойынша бүгінде 300 педагог пен тренер «Жасанды интеллект» және Game Development бағыттары бойынша біліктілігін арттыруда.

Министрге оқытушының қатысуынсыз және дәріссіз әдістеме бойынша стденттердің өзара оқыту қағидаттарына негізделген Tomorrow School жасанды интеллект мектебі таныстырылды. Ғани Бейсембаев жасанды интеллект мамандарын даярлауға арналған бұл жобаның мектеп оқушыларына бейімделген нұсқасын жасау мәселесін пысықтауды ұсынды.

Сондай-ақ министрге білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ортақ білім беру экожүйесін құруға, жасөспірімдерге кәсіптік бағыт-бағдар беруге, олимпиада қатысушыларын офлайн форматта қашықтықтан оқытуға бағытталған отандық IT-қызметтер мен өнімдерінің таныстырылымы ұсынылды. Олардың қатарында: Oqylyq.kz, WeGlobal.ai, Protector AI, Alaqan, Omnium бар.

Дереккөз: ҚР ОМ

Пікірлер 9

Кіру пікір қалдыру үшін