Grand Mobile мобильді қосымшасы Astana Hub Ventures компаниясынан $750 000 көлемінде инвестиция тартты

Grand Mobile компаниясы Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркінің құрылымына кіретін Astana Hub Ventures венчурлық қорынан $750 000 көлемінде инвестициялар тартқаны туралы жариялады.


Бұл серіктестік Grand Mobile компаниясының жаһандық позицияларын нығайтуға және халықаралық нарықтарға шығуды жеделдетуге бағытталған ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болды.

Astana Hub Ventures-пен серіктестік Grand Mobile компаниясына халықаралық акселерациялық бағдарламаларға қатысуды, MENA, Оңтүстік-Шығыс Азия және Шығыс Еуропа нарықтарына қолжетімділікті, сондай-ақ өнімді масштабтауда стратегиялық қолдауды қоса алғанда, ресурстар мен мүмкіндіктердің кең ауқымына қол жеткізу мүмкіндіктерін береді.

Компанияның көздеген мақсаты - жаңа нарықтарға шығу және халықаралық аренадағы дәрежесін одан әрі нығайту. Тартылған инвестициялар негізгі өнімді дамытуға, команданы кеңейтуге және ТМД-дан тыс жерлерде маркетингтік науқандарды бастауға бағытталатын болады.

Grand Mobile — Grand Games қазақстандық геймдев-студиясы әзірлеген мобильді онлайн ойын. Бүгінгі таңда аталған ойын 60 миллионнан астам рет қондырылған, ай сайын 5 миллионнан астам адам онлайн пайдаланған. Ойынды Өскемен қаласының 27 жасар тұрғыны, кәсіпкер Роман Линейцев жасап шығарған.

"Біз инвестиция тартуды қажеттілік ретінде емес, стратегиялық қадам ретінде қарастырдық. Astana Hub Ventures - бұл капитал ғана емес. Бұл бірегей салалық сараптамаға, жүйелік масштабтау тәжірибесіне, халықаралық байланыстарға және қуатты экожүйеге қол жеткізуге бағытталған жүйе. Мұндай серіктестік бізге үлкен мақсаттарға жету жолында тез әрі тұрақты қозғалуға көмектеседі", - дейді Grand Mobile негізін қалаушы Роман Линейцев.

"Біз Astana Hub Ventures-ті бір реттік қолдау емес, стратегияның жалғасы болуы тиіс екенін түсініп іске қостық. Grand Mobile - бұл халықаралық нарықта өзінің құндылығын көрсеткен өнімі бар мықты команда. Мұндай компаниялардың Қазақстанда орнығуы, ауқымды болуы біз үшін маңызды. Grand Mobile елордада емес, өңірде жасалғаны оны ерекшелендіре түседі. Жаһандық әлеуеті бар жобалар елдің кез келген жерінде пайда болуы мүмкін. Мұндай мысалдар еліміз жаһандық процестердің толыққанды қатысушысы болуы мүмкін екенін көрсетеді", - дейді Astana Hub-тың негізін қалаушы Мағжан Мәдиев.

Толығырақ the-tech.kz сайтында.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін