«Біз ертеңгі нарық үшін технологиялар жасаймыз»: Prometeo Chain System жобасы блокчейн технологиясын қалай өзгертеді

Андреа Кадамуро мен Дамира Кенесарина қызықты Prometeo Chain System жобасының жасаушылары. Prometeo тек қаржылық аспектіде ғана емес, сонымен қатар басқа да көптеген салаларда блокчейнді пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялар пулын құруда актор ретінде әрекет етеді. Біріншіден, бұл бүкіл жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін, өнімділігін, ашықтығын және бақылауын жақсарту үшін IoT үйлесімді блокчейнді пайдалану. Андреа Кадамуро жоба туралы айтып, оны құру тәжірибесімен бөлісті.


Сіздің жобаңыз өте қызықты, біздің платформаның оқырмандарына стартапыңыздың мақсаттары туралы айтып беріңізші?

Біз өз алдымызға инновациялық блокчейн арқылы жеткізу тізбегін басқару және IoT жүйелерімен өзара әрекеттесу үшін инновациялық экожүйені құру мақсатын қойдық. Басқаша айтқанда, қазіргі кездегі барлық технологиялармен салыстырғанда қауіпсіздік пен орталықсыздандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алатын технологияны құру.

Стартап идеясы қалай пайда болды?

Prometeo Chain жүйесін құру идеясы бізге компания мен тұтынушыны қорғауды қамтамасыз ету үшін ресурстарды басқару және бүкіл жеткізу тізбегіндегі ақпаратты тексеру мәселесін шешкеннен кейін келді. Сонымен қатар, бүкіл өнеркәсіптік тізбекті және IoT жүйелерін қорғау үшін ИТ қауіпсіздігі жоқ болғанда не болатынын өз тәжірибемізден көріп, біз қауіпсіздікті, сенімділікті және автоматтандыруды арттыра алатын, сонымен қатар адамдық фактор сияқты қауіп факторларын азайта алатын технологиялар кешенін жасау қажеттілігін көрдік.

Неліктен IoT және blockchain?

Индустрияландырудың төртінші кезеңі бизнес-процестерді басқару үшін IoT құрылғыларын белсенді пайдалануды көздейді. Бүгінгі таңда 25 миллиардтан астам құрылғы ғаламторға қосылып, мәліметтер алмасуда. Көптеген құрылғыларды басқару әдетте қиын міндет болып табылады және қазіргі уақытта құрылғыларды басқару үшін веб-серверлерді кеңінен қолданудың кесірінен кибершабуылдарға жиі ұшырайды. Тиісті қорғаныс стратегиясыз құрылғылар қорғалмаған күйде қалады.Сондықтан бүгінгі таңда компаниялар, әсіресе болашақта, өте үлкен қаржылық шығындарға ұшырайтын болады. Орталықтандырылмаған, сенімді және өзгермейтін деректерді сақтау әдісін ұсынатын блокчейн технологиясы IoT құрылғыларын қорғау мәселесін шеше алуы мүмкін. Бұл көптеген компаниялар үшін өте маңызды, өйткені бұл оларға мындай мүмкіндікдер береді:

  • деректердің жоғалу қаупін азайту;
  • орталықтандырылған объектілерге шамадан тыс тәуелділіктің алдын ала алу;
  • ақпараттың өзгермейтіндігін және оның рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуын көрсете отырып, тапсырыс берушілердің, мүдделі тараптардың тексеруге толық ашықтығын және дайындығын қамтамасыз ету алу.

Көптеген блокчейндер ресурстарды көп қажет етсе де дәстүрлі мәліметтер базасына қарағанда қауіпсіз. Сонымен қатар, блокчейнді пайдалану IoT құрылғыларын пайдалануға сенімді қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Командаңыз туралы айтып беріңізші?

Дамира екеуміз Prometeo Chain жүйесінің негізін қалаушыларымыз және біз тек жұмыстағы серіктестер емес, сонымен қатар өмірдегі отбасымыз, ал бұл өзіміздің идеямызбен  күнделікті өмір сүруге мүмкіндік береді. Біз өзіміз жасап жатқан затқа және өз командамызға қатты сенеміз. Біз осы жоба блокчейнді қолдануда төңкеріс жасайтынына сенімдіміз. Біздің техникалық директорымыз Дмитрийдің ақпараттық жүйелерді құруда 10 жылдан астам тәжірибесі бар. Біз өзімізді инновациялық және ұзаққа созылатын технологияларды құру ниетімен біріккен 3 көрнекі адам ретінде көре алатынымызды бірден түсіндік.

Болашаққа қандай жоспарлар бар?

Келесі екі жыл ішінде,біз, әсіресе болашақта бизнес пен үкімет үшін шынымен сұранысқа ие болатын  блокчейн + IoT және блокчейн + навигациясының екі технологиясын дамытуға зейін қоятын боламыз. Осы екі технология жасалып болғаннан кейін, біз келесі 10 жылда маңызды болатын блокчейн негізінде келесі екі технологияны құруға көшеміз. Біздің ұранымыз: "Біз бүгінгі нарық үшін технология жасамаймыз, ертеңгі нарық үшін технология жасаймыз".

Біздің платформаның пайдаланушыларымен қандай кеңестермен бөліскіңіз келеді?

Соңында, біз идеясы бар әр оқырманға тәуекелге барудан қорықпаңыз деп кеңес бергіміз келеді. Және  "не істеу керек?" деген сұраққа біздің жауабымыз - "өзіңе және өз күшіңе сенімді болу". Сондықтан тәуекелге барудан қорықпаңыз және жасаңыз, өйткені егер сіз өзіңіздің мүмкіндіктеріңізге сенбесеңіз, сізге ешкім сенбейді.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін