Біз Astana Hub Battle-ға қатысу шарттарын жеңілдеттік!

Біздің сізге күшті жаңалығымыз бар: Digital Bridge 2021 форумының басым бөлігі онлайн өтеді, бұл біз баттлдың бұрынғы форматына ораламыз деген сөз.


Қатысу үшін digitalbridge.kz/battle сайтына сұраным жіберу керек.

Astana Hub Battle көптен күткен стартаптардың шайқасы 28 қазаннан 29 қазанға дейін толықтай офлайн форматта өтеді — серпінді баяндамалар, шынайы эмоциялар, стартаптық атмосфера мен көптеген мықты жобалар бір сахнада. Үздік технологиялық кәсіпкерлер өз өнімін дамытуға ақшалай чектерге ие болады.

 

Жүлделік қор:

1 орын — 10,000 USD

2 орын — 5,000 USD

3 орын — 3,000 USD

 

Талаптар:

- MVP немесе MVO сатысындағы экспортқа шығу әлеуеті бар жоба

- Нарықтағы тәжірибесі екі жылдан аспауы тиіс

- Командада кем дегенде 2 негізгі қатысушының болуы

 

Astana Hub Battle 2021 қалай өтеді?

  • Сұранымдар digitalbridge.kz/battle сайтында 25 қазанға дейін қабылданады
  • Жартылай финал: 100 ең бәсекелі жоба жартылай финалға өтіп, минуттық презентациямен офлайн сөз сөйлейді.
  • Финал: Эксперттік қазылар алқасының шешімімен 10 үздік жоба digitalbridge.kz бас сахнасында 3-минуттық презентациямен сөз сөйлейді.
  • Іріктеудің 2 кезеңінің қорытындылары бойынша — жартылай финал мен финал — жеңімпаздар анықталады.

 

Уақыты мен форматы:

Жартылай финал 28 қазанда өтеді.

Финал мен гала-қонағасы 29 қазанда өтеді.

Конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан қаласы.

 

Жартылай финалға өткен командалар «Стартаптар аллеясына» — Digital Bridge 2021 форумының шеңберінде стартап-жобалардың көрмесіне қатыса алады.

 

Astana hub Battle финалистері Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің қатысуымен өтетін Digital Bridge 2021 форумының жабық гала-қонағасына шақырылады.

 

Қатысуға сұранымдар digitalbridge.kz/battle сайтында 25 қазанға дейін қабылданады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін