AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы аясында Astana Hub Battle бәйгесінің жартылай финалы өтті. Қазылар алқасының сынына түскен 50 стартаптың ішінен үздік деп танылған 14 команда шешуші кезеңге жолдама алды. Жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайтын доданың финалы 3 қазанда өтеді.
Қазылар алқасының бағалауы бойынша Astana Hub Battle 2026 бәйгесінде бақ сынайтын 14 финалист анықталды.
Мәреге жеткен 14 үздік жоба:
- CYBERPACK.AI — ғалымдар мен инженерлердің жаңа буынын қалыптастыруға арналған жобалық және жарыстық оқыту экожүйесі.
- Aman — қауіп-қатерді 8 секунд ішінде анықтап, алдын алуға мүмкіндік беретін қауіпсіздік саласындағы стартап.
- MYupgrade — әр қатысушының телефонына сөз сөйлеуді нақты уақыт режимінде AI арқылы аудару сервисі.
- Hi Doctor — виртуалды пациенттерді қолданатын медициналық білім беруге арналған AI-платформа. Ол болашақ дәрігерлерге клиникалық ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын дамытуға көмектеседі.
- Astana Dynamics — өнеркәсіптік нысандардағы ақауларды апатқа әкелмей тұрып анықтайтын роботтарды әзірлеуші.
- BEST Vision — физикалық әлемнен алынған деректерді аналитикаға айналдырып, нақты уақыт режимінде шешім қабылдауға мүмкіндік беретін AI-платформа.
- Spacelab — инфрақұрылымды мониторингтеуге, су тасқыны мен орман өрттерін алдын ала анықтауға арналған спутниктік байланыс антенналары мен модемдерін әзірлеуші. Шешім ұялы байланыс жоқ жерлерде де жұмыс істейді.
- Welcome Video AI — қонақүйлердегі теледидарларды қонақтарға қаламен танысуға көмектесетін ақпараттық арнаға айналдыратын шешім.
- NCSpeech — дамушы нарықтардағы суперапптар арқылы жасанды интеллектіні оқытуға қажетті деректерді жинауға арналған платформа.
- Pulsar AI — «жылдамдық бәсеңдеткішке» орнатылған AI-сканер. Ол үш секунд ішінде автокөліктің астыңғы бөлігі мен шанағын тексеріп, банктерге, сақтандыру компанияларына және автомаркетплейстерге арналған есеп қалыптастырады.
- AuaSense — сенсорлардан алынған деректерді аналитикаға, болжамдар мен қалалық ортаны басқаруға арналған шешімдерге айналдыратын ауа сапасын мониторингтеу интеллектуалды платформасы.
- M3TRIQ — биологиялық өндіріс үшін ақуыздар мен молекулаларды жобалауға арналған AI-платформа.
- Behype — инфлюенсерлермен және контент жасаушылармен науқандарды өткізуге және ауқымын кеңейтуге арналған AI-native платформа.
- Resti — мейрамхана бизнесін басқаруға арналған AI-шешім.
Жартылай финал аясында Khan Tengri Innovation Hub атынан арнайы жүлде табысталды. Бұл — 2026 жылғы 25 қазан мен 7 қараша аралығында Шанхайда өтетін AI Capacity Building Training Program білім беру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі. Жалпы құны 5,5 млн теңгені құрайтын арнайы сыйлық екі қатысушының бағдарламаға қатысуы мен тұру шығындарын толық өтейді. Арнайы жүлдені қазылар алқасының мүшесі Ләззат Боранқұлова табыс етті. Оған M3TRIQ және Spacelab ие болды.
Astana Hub Battle 2026 бәйгесінің жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаздар төрт аталым бойынша анықталады:
- Impact Maker — қоғамға зор ықпал ететін стартап;
- Market Shaper — нарықты жаңаша қалыптастыратын стартап;
- Growth Engine — қарқынды өсім әлеуетіне ие стартап;
- Investor’s Choice — инвестициялық тартымдылығы жоғары стартап.
Сайыс қатысушыларына серіктестер тарапынан да қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жобаларды дамытып, ауқымын кеңейту үшін Kazakhtelecom құны 25 мың АҚШ долларына тең GPU-ресурстарды, ал Yandex Qazaqstan 10 млн теңге көлеміндегі бұлтты сервистер грантын ұсынады.
Astana Hub Battle 2026 финалы 3 қазанда өтеді. Сахнаға жартылай финал қорытындысы бойынша іріктелген 14 стартап шығады. Әр командаға өз жобасын таныстыруға үш минут және қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге екі минут беріледі. Финалистерді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Higgsfield AI бас директоры Алекс Машрабов, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Freedom Holding Corp. бас директоры Тимур Турлов және MA7 негізін қалаушы Мұрат Әбдірахманов бағалайды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.