Келісімнің басты мақсаты – стартап жобалармен, IT бастамалармен және ғылыми жұмыстармен айналысатын студенттерге, жас зерттеушілер мен оқытушыларға қолдау көрсету. Серіктестік шеңберінде акселерациялық бағдарламалар, бірлескен ғылыми зерттеулер, білім беруді цифрландыру, тәжірибе алмасу және тағылымдамалар ұйымдастыру көзделіп отыр.
«Бұл жай ғана меморандум емес, болашақ үшін жасалған инвестиция. Біз студенттер университет қабырғасында жүрген кездің өзінде өз стартаптарын бастап, акселерациядан өтіп, инвестиция тарта алатын мүмкіндіктерге ие болғанын қалаймыз. Бұл серіктестік Қазақстанда толыққанды технологиялық кәсіпкерлік экожүйесін қалыптастыру жолындағы тағы бір маңызды қадам», - деп атап өтті Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё.
Келісім аясында тараптар бірлескен конференциялар, ғылыми форумдар, шеберлік сағаттарын өткізуді, сондай-ақ білім беру саласына цифрлық шешімдерді енгізуге арналған пилоттық жобаларды іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және венчурлік қорлармен байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.