Glovo мен Astana Hub серіктесіп, курьерлерді IT-мамандыққа оқытып жатыр

Glovo бас директоры Оскар Пьер алғаш рет Қазақстанға келіп, Astana Hub халықаралық технопаркінде елдің IT-қауымдастығымен кездесті. Кездесу кезінде ол компаниясының қалай құрылғанын, тәжірибесі мен стартап жүргізудің ерекшеліктері туралы айтты.


«Glovo 8 жыл бұрын құрылды, ол кезде Барселонада бірде-бір стартап жоқ еді. Ғаламтор адам өмірін тағы қалай жеңілдете алады деп ойландым. Бірден басыма уақыт үнемдеу деген ой келді. Адамдар қала ішінде істеуі керек шаруаны аутсорсингке жүктей алатындай, ал біз оны 60 минуттан да аз уақытта орындайтындай платформа жасасақ қалай болады дедім. Сөйтіп, қарапайым мобильді қосымша құрдық. Ол маркетплейс емес, сіз жай ғана хабарлама жіберіп, кел келген затқа тапсырыс бере аласыз. Ол кезде компанияда екі-ақ курьер жұмыс істеді», - деді Оскар Пьер.

Бүгінде Glovo жеткізу қызметі әлемнің 25 елінде жұмыс істейді, 10 миллионнан астам қолданушысы мен 61 мың курьері бар.

Қазір Glovo жеткізу қызметінің ТМД елдеріндегі қызметкерлері Astana Hub-тың білім беру бағдарламалары бойынша IT-мамандықтарға оқытылып жатыр. Freelance School, Startup Academy және No Code School курстарын курьерлер үшін Glovo компаниясы толықтай қаржыландырған. Компания жұмысшыларын инновациялық біліммен ынталандыруды көздейді. Glovo-ның Astana Hub Education білім беру бағдарламаларын таңдауы оның  құндылығы жоғары екенінің дәлелі.

«Astana Hub пен Glovo-ның курьерлерді оқыту жөніндегі бірлескен жобасы 2 жылдан бері жалғасып жатыр. Халықаралық компания өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға белсене араласады, бұл бизнестің саналылығының көрсеткіші. Бүгінгі курьер біздің курстарымыздың арқасында ертең табысты IT маманы болатынына сенімдіміз», - деді Astana Hub білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры Дәулет Беймурзинов.

 Жыл соңына шейін Glovo-ның 450 қызметкері оқытылып, барлық курсты аяқтаған қатысушыларға сертификат табыс етіледі.

«No Code School курсын бітірдім. Қазір Freelance School-да оқып жүрмін. Оқу бағдарламасы қызық және түсінікті. Сайт пен мобильді қосымшалар жасауды бұрыннан армандайтынмын. Өзім сәулетші-дизайнер мамандығы бойынша оқып жүрмін, сызумен айналысамын. Курс кезінде қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін білдім. Жақын уақытта басқа да курстарға жазыламын», - дейді Қырғызстандағы Glovo курьері Әзизбек Малатипов.

 Astana Hub пен Glovo арасындағы ынтымақтастық өткен жылы Орталық Азиядағы ең ірі Digital Bridge 2022 ІТ форумы аясында қол қойылған ІТ-стартаптарды дамыту және қолдау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында басталғанын атап өткен жөн.

 

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

Очень круто, когда работа дает возможности узнавать новое за пределами самой же работы)

Жауап беру