Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы байқау AI саласындағы ең ірі бастамалардың бірі болды. Ол мектеп оқушыларын, студенттерді, стартаптарды және зерттеушілерді біріктірді. Жоба идеядан бастап дайын өнімге дейінгі толық жолды қамтыды, яғни алғашқы прототиптен бастап, нарықта нақты сұранысы мен қолданушылары бар шешімдер ұсынылды.
Финалды ашқан Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев alem.ai battle елдегі AI экожүйесін дамытудағы жүйелі жұмыстың көрінісі екенін айтты.
«Бүгінде жасанды интеллект саласындағы таланттар – Қазақстанның нақты қозғаушы күшіне айналды. Біз әр адамға түсінікті даму жолы бар экожүйе құрып жатырмыз: мектептегі алғашқы код жазудан бастап, әлемдік деңгейдегі ғылыми жобаға дейін. Министрліктің міндеті – осы буындар арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету. Біз “Қазақстанда жасалған” деген сөз жасанды интеллект саласында халықаралық сапа белгісіне айналуы үшін мыңдаған жас талантты баулып жатырмыз», – деді ол.
Байқау төрт негізгі бағыт бойынша өтіп, әр санат бойынша жеңімпаздар анықталды.
AI Young Talents (мектеп оқушылары) санатында SuGuard жобасы жеңіске жетті. Команда қандағы қант деңгейі мен диабет қаупін ерте анықтайтын AI-жүйе жасады. Жеңімпаздарға жобаны әрі қарай дамыту үшін арнайы ноутбуктар табысталды.
AI Driving Power (студенттер) санатында Ustaz AI командасы топ жарып, 5 млн теңге алды. Олардың платформасы мұғалімдердің күнделікті жұмыстарын жеңілдетеді: тапсырмалар құрастырады, оқу материалдарын дайындайды және оқу процесін басқаруға көмектеседі. Бұл мұғалімдерге оқушылармен жеке жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
AI Innovators (зерттеушілер) санатында Robio жобасы жеңіп, 7 млн теңге иеленді. Бұл – жасанды интеллектімен жұмыс істейтін арнайы қолғап. Ол дәрігерлерге сүт безіндегі өзгерістерді ерте кезеңде дәл анықтауға көмектеседі. Технология қолмен тексеру кезінде сезілетін белгілерді нақты деректерге айналдырады және ісіктің орнын, көлемін анықтай алады. Команда мәліметінше, жүйенің дәлдігі шамамен 90%. Қазір жоба прототип деңгейінен өтіп, клиникалық сынақтарға дайындалып жатыр.
AI Future Builders (стартаптар) санатында NCSpeech жобасы 10 млн теңге көлеміндегі бас жүлдені иеленді. Бұл сервис SuperApp қосымшаларына қосылып, пайдаланушылардың күту уақытын пайдалы дерекке айналдырады. Осы арқылы жасанды интеллектіні оқытуға қажетті сапалы деректер жиналады. Жоба қазірдің өзінде сұранысқа ие болып, халықаралық нарықта жұмыс тәжірибесін көрсетіп отыр. Antler қорынан алғашқы инвестиция тартып үлгерген.
«Бұл жеңіс жобамыздың тек ғылымда ғана емес, нақты өмірде де қажет екенін көрсетті. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз. Енді зерттеуден нақты медициналық технология жасау кезеңіне өтеміз. Бүгін тынымсыз еңбегіміз ақталып, жарқын нәтижеге жеттік. Байқау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады: клиникалармен жұмыс істеу, инвестиция тарту және сынақтарды жылдам бастау», – деді Robio жобасының жетекшісі Тоғжан Сырымова.
Жобаларды бағалаған қазылар алқасының құрамында венчурлік қорлар мен технология саласының мамандары болды. Олардың қатарында, Qazaqstan Venture Group бас директоры Асқар Белісбеков, Quest Ventures инвестициялар жөніндегі директоры Руслан Рақымбай, Astana Hub Cloud бас директоры Бахтиёр Эшонкулов, Tumar Innovation Hub бас директоры Рината Илюбаева, White Hill Capital негізін қалаушы Аслан Сұлтанов бар.
Байқауды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қолдауымен Astana Hub ұйымдастырды.
alem.ai battle – елдегі жасанды интеллект саласын дамытуға бағытталған alem.ai бастамасының бір бөлігі. Бұл жоба жаңа буын мамандарын дайындап, адам капиталын дамытуды көздейді.